Автор: Управление здравоохранения Павлодарской области
Рухани жаңғыру Спецпроект «Тұған жер»
20-10-2017 09:00
 Рухани жаңғыру Спецпроект «Тұған жер»

Қазақстан – туған жерім, кең далам,
Туып – өсіп, осы жерде жетілдім.
Бақыт, байлық, қазынасың сен маған,
Кең далаңда емін – еркін көсілдім.

Осы жерді ата- бабам жайлаған,
Осы жерді батырларым қорғаған,
Батыл, өжет аталардың арқасы,
Бүгінгі күн азат елге айналған.

Барын салып қорғау үшін өз елін,
Таптатпады бөтен жұртқа кең жерін.
«Ұрпақтарым өніп – өсер ертең» — деп,
Төкті аямай ел жолында қан,терін.

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ шынында,
Тәуелсізбіз, ел басымыз тұғырда.
Шарқырата шырқалады әнұран,
Биіктерден желбірейді туың да.

Бағалайық бұл бақытты жерлестер,
Не бар екен тыныштыққа теңдесер?!
Ашық аспан, бейбітшілік заманды,
Бұл уақытта аңсап отыр көп елдер.

Бірлік пенен ынтымақты қолдайық,
Аналар мен сәбилерді қорғайық.
Ұлтын сүйген, халқы үшін жаанашыр,
Еліміздің патриоты болайық!

Ұлтымыздың келешегі кенделі,
Ел жастары өз қолыңда ендігі.
Қатарынан елу елдің табылып,
Еліміздің жасай берсін бірлігі!

Айткен Айдана
«№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы»