Тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында ұжымның халықаралық стандарттар бойынша біліктілігін арттыру оқытуларына көп мән береді. Жедел медициналық жәрдем станциясының жүргізушілері қауіпсіз жүргізу бойынша курстарына келе бастады, бұл курстарды республикалық санитарлы авиация орталығының жаттықтырушысы Төрехан Сұбанбаев оқытады. Бұл оқытуларда жүргізушілер қауіпсіз жүргізу техникасы бойынша өз дағдыларын толықтырады. Мысалы, алғашқы лекцияда станция қызметкерлері жаттықтырушымен қоса «Арнайы тәсілдерді қолдана отырып, апатты жағдайлардан құтылу» Айта кетерлігі курс аяқталған соң станцияның 50 жүргізушілеріне сертификаттары беріледі