контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Табиғат-ананы аялайық!
11-10-2015 15:08
Табиғат-ананы аялайық!

Өткен аптаның соңында №3 ПҚА медицина қызметкерлері аурухана аумағын көріктендіру бойынша күзгі тазалыққа шықты.

Орасан зор алаңда ағаштардың оннан аса түрлері өсуде: емендер, вертикальді өсетін теректер, үйеңкілер, қайыңдар, мәңгі жасыл қарағай мен шыршалар, қу далада өсетін алма ағаштар, әртүрлі бұталар. Соңғы рет көктем айында жасалынған көріктендіруден кейін жаз бойы бұл жердегі тиянақтылық сақталынғанын айтпай кетуге болмайды. Қоршаулар мен ернеулер жаңадан сырланған, күн ыстық кезде бұл жерде жазғы сутартқыш іске қосулы тұрды, ағаштар астында жер қыртысы түптелген. Әдеттегідей, тәртіп сақталған жердің жұмысы да аз болмақ.

Ендігі кезекте гүлзарлар қалпына келтіріліп, мамандар болса, ағаш астындағы жапырақтарды жамылғы ретінде қытымырдағы аяздан қорғауға қалдырылсын деп шешті. Ағаштардың тамырларын жапырақтан жалаңаштау қыс мезгілінде олардың үсіп кетуіне әкеледі, оның соңы – ағаш діңінің зақымдануына және кеуіп кетуіне әкеп соғады. Биыл аулалардағы 30 метрлі бүршік жарған теректердің сынып, құлап жатқандардың себебі неден деп ойлайсыз? Өйткені, олардың барлығының түбі қорғалмаған болғандықтан, тамырлары зақымданған.

Күзгі сары жапырақтар – көшеттер үшін таптырмас тыңайтқыш. Жапырақ сияқты бағалы материал қаладан сырт жаққа тонналап шығарылады. Ең бастысы, қалалықтардың, ағаштарға кейін жоғалтып алғандарды тыңайтқыштармен, қордалармен толықтыру қажет болатынын естен шығарып алатыны қиын.

К. Апаев