контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті
01-11-2015 17:16
№3 ПҚА өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

«Басқару органдарының, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның және қалалар мен аудандардың эвакуациялық комиссиясының, азаматтық қорғаныс қызметтері күшінің, апаттық-құтқару қызметтерінің және қыс мезгіліндегі ТЖ ауыздықтау бойынша АҚ әзірлеу істері» жаттығу штабын дайындау аясында 2015 жылғы 28 қазан күні №3 Павлодар қалалық ауруханасында өрт сөндіру Қызметімен және Павлодар облысы АҚЖ ТЖД бірлесе өрт-тактикалық оқу-жаттығулары жүргізілді. Оқу-жаттығу кезінде жүргізілген штабтық жаттығулардың сапасына, сондай-ақ тәжірибелік ептілікке және ғимараттан қызметкерлер мен науқастарды эвакуациялау кезіндегі аурухана қызметшілерінің іс-әрекетіне ерекше көңіл бөлінді.

№3 ПҚА шеңберінде жүргізілген оқу-жаттығу барысында шындыққа жанасатын жағдай туындалып: хабарлау және байланыс жүйелерінің дайындығы, өрт сөндіру құралдарымен жабдықталу деңгейі тексерілді. Саты-сатымен жүргізілген тәртіптегі эксперимент кезінде аурухана қабаттарында өрт қауіпі мен түтіндену жағдайлары қолданылды. Жағдайға шұғыл түрдегі анықтама берілуі, ТЖД өрт сөндіру машиналарының жұмысы, аурухана қызметкерлері мен науқастар үшін қауіпсіз жағдайдың қамтамасыз етілуі, өрт сөндіру жауынгерлері және қызметкерлер құрамы іс-әрекеттерінің үйлестілігі – осының барлығы штабтық оқу-жаттығулар кезінде жүзеге асырылды. Осындай маңызды оқу-жаттығулардың қажеттілігі айдан анық: емдеу мекемесіндегі төсек-орынның орасаң көп болғандығы біріншіден, бұл жерде емдеуде жатқан әр адамның тағдырына жауапкершілікті қажет етеді.

К. Апаев