контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА тұмау жөнінде мейірбикелік конференция өтті
04-11-2015 21:26
№3 ПҚА тұмау жөнінде мейірбикелік конференция өтті

Әр айдың соңғы сәтті сәрсенбісі - №3 ПҚА жүргізілетін мейірбикелік конференция күні болып табылады. Бекітілген жоспарға сәйкес 28 қазанда аурухананың диагностика бөлімшесінде тұмау және ЖРВЖ бойынша мейірбикелер конференциясы өтті.

Тұмау – адамның жынысы мен жас ерекшеліктеріне қарамай зақымдайтын ауыр вирустық жұқпа. Тұмау індеті жыл сайын пайда болып және жер шары тұрғындарының 15 пайызға жуығын зақымдайды.

Аурудың клиникалық бейнесінің ерекшелігі мейірбике Г.А. Крехмаер оқыған баяндаманың негізгі бөлігі болды. Адам бойында қалтырау, жалпы қалжырағандық, бас ауруы, ағзаның улы ақуыздармен улану белгілері білінеді. Тұмаудың ауыр ағымында жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, ОЖЖ, пневмония, менингоэнцефалиттер зақымданады.

Аға мейірбике Ұ.Қ. Ахметованың дайындаған слайд түріндегі таныстыру рәсімі материал мазмұндамасының реттілігімен өзгешеленді. Тұмаудың таралу жолдары – ауа-тамшылық, тұрмыстық. Жөтелу кезінде, түшкірген кезде, тіпті сөйлеген кезде науқастың жұтқыншағынан сілекей, сілеймелер, ауру жұқтыртатын микрофлорасы, сондай-ақ тұмау вирусы бар қақырық бөлінеді. Әдетте тұмау қатты басталады. Індет уақытында емдеуге жатқызу деңгейі 2-5 есеге дейін ұлғаяды. Алдын алудың негізгі әдісі – тұмауға қарсы вакцинация болып табылады. Вакцинаның құрамындағы вирус, ағзаны антител шығаруға ынталандырады, ол өз кезегінде вирустардың көбеюіне тосқауыл болады. Соның арқасында ауру басталмай жатып ауыздықталады.

Конференция ұйымдастырушылары тақырыптың өзектілігін және заманауи жағын ескерген. Жұмыс дәстүр бойынша қол жуу көрсетілімімен аяқталды. Мейірбике Г.М. Свиридованың жетекшілігімен семинар қатысушылары қол жуу алгоритмін көрсетіп шықты.

К. Апаев