контакт:
8(71840)91351 bayancrb14@mail.ru
адрес:
Павлодарская область, с.Баянаул, ул. Жалантос батыра 1.
Алексей Цой Маңғыстау өңіріндегі бірнеше егу пункттерінің жұмысымен танысып шықты.
21-07-2021 15:37
Алексей Цой Маңғыстау өңіріндегі бірнеше егу пункттерінің жұмысымен танысып шықты.

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Маңғыстау өңіріне жасаған жұмыс сапары аясында Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданында болып, Covid-19 індетіне қарсы жаппай егу кампаниясымен танысты. Егу пункттеріне барған еліміздің бас дәрігері вакцинация қалай жүріп жатқандығы туралы дәрігерлерден сұрап білді, науқастармен тілдесіп оларға тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді. Сондай-ақ мұздатқыш камераларында вакциналар қалай және қандай температурада сақталатыны туралы сұрап білді. Алдағы айларға жететін дәрі-дәрмек қорын тексеріп, егу пунктерінде орын алған кемшіліктерді жоюды тапсырды. Бұдан әрі қарай Алексей Цой медициналық нысандарды аралады. Атап айтқанда Мұнайлы аудандық орталық емханасы, "SofieMed Group" алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және №1 Ақтау қалалық емханасына барды Іс-сапар аясында министр мобильдік топтардың қызметі, амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастарды бақылауда ұстап отырған мониторингтіе, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі, диспансерлік есепте тұрған науқастардың емделу процесімен мұқият танысып шықты. Өз сөзінде Алексей Цой вакцинация жұмыстарын әлі де жандандыру қажеттігін тілге тиек етті, яғни бұл ретте қауіпсіздік шараларына баса назар аударды тапсырды. Сонымен қатар ақпараттық түсіндірме жұмыстарын әлі де жандандырып, барлық түскен арыз-шағым бойынша тұшымды жауап беру керектігін атап өтті. Еске сала кетейік, бүгінде Маңғыстау өңірінде 48 егу пункті жұмыс жасап тұр. Жасалып жатқан жұмыстарға қарамастан Маңғыстау өңірі республика бойынша ең соңғы орында тұр. Үстіміздегі жылдың 21 шілдесіне қараған күні коронавирус инфекциясына қарсы екпенің І компонентімен егілгендер саны 90362 адам болса, ІІ компонент салдырғандар саны 47621 адам.