контакт: 8(71838)91486 mcrbbuh@mail.ru
адрес: Павлодарская область, Майский район, с. Коктобе, ул. Сулейменова, 12
Павлодар облысының медициналық қызметкерлері төлемдер ала бастады
15-04-2020 08:08
Павлодар облысының медициналық қызметкерлері  төлемдер ала бастады

Павлодар облысының медициналық қызметкерлері

төлемдер ала бастады

 

Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларымен коронавирус пандемиясына байланыстыелімізде жарияланғантөтеншежағдайкезінде Үкіметпен медициналық қызметкерлерді қолдауға бағытталған бірқатар шара қолға алынды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры да денсаулық сақтау жүйесінің қаржы операторы ретінде Президент тапсырмаларын жүзеге асыруға белсене қатысуда.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қасымов осы бағыттағы жұмыстарға өңірімізге 566.6 млн. теңге бөлінгенін атап өтті.

Эпидемияға қарсы шараларға қатысып жатқан медициналық ұйымдар алдында республикалық бюджеттен бөлінетін барлық қаржы міндеттемелерін орындау медициналық сақтандыру қорының басты міндеті болып табылады. Төлем алатындардың тізімін құру әр аймақтағы жедел штабпен арнайы құрылған жергілікті атқару органдарына жүктелді. Бұндай комиссия біздің облыста да құрылған. Оны аблыс әкімінің орынбасары А.Р. Оралов басқарады. Комиссия құрамына кәсіподақ және қоғам өкілдері кірді. 

Медициналық қызметкерлерге төлемдер қауіп-қатер тобына қарай 212,5 мың теңгеден бастап 850,0 мың теңгеге дейін тағайындалады.

850 мың теңге көлеміндегі төлемдерді жұқпалы аурулар бөлімшесінің қызметкерлері мен реаниматологтар алса, 425 мың  теңге уақытша стационарлар мен жедел медициналық көмек медициналық қызметерлеріне берілді. Карантинге жабылған стационарлардың дәрігерлері мен медициналық персоналдарына, жедел көмек бригадасының жүргізушілеріне, COVID-19 анықтау бойынша зертханалық зерттеулерге қатысатын зертхана, санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жұмыскерлеріне, пациенттерді тұмау және пневмония диагноздарымен қабылдап, биологиялық материалдарды жинайтын  жедел стационарлар мен бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың қабылдау бөлімшелері қызметкерлері, жедел штаб жұмыскерлері  212.5 мың теңгеден алды.

Филиал директоры Нұрлан Қасымов күнделікті талдау басты назарда екенін атап өтті. Сондай-ақ,  аймақтың медициналық ұйымдарын қаржыландыруға бағытталған барлық келісімді міндеттемелер келісілген кесте бойынша атқарылып жатқанын жеткізді.  

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

 Павлодар облысы

бойынша филиалы