контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Статья на тему "Гепатит"
14-08-2020 11:24

 Тема:  «Гепатит ТОқТА!»

А гепатитінің қоздырғышы –барлық ағзаның қызметінде маңызды рөл атқаратын бауырды зақымдайтын вирус. «А» гепатитін ішек инфекциясы секілді лас қол ауруы немесе сары ауру деп атайды.«А» гепатитімен барлық жастағы адамдар, көбінесе балалар мен жасөспірімдер ауырады.

Инфекция көзі науқас адам болып табылады. Гепатит вирусы ағзадан ішек арқылы шығып, нәжістен анықталады.Сау адамның ағзасына вирус тамақ ішкен кезде лас қолдан, сондай-ақ вирус түскен тағам мен судан түседі.Науқастың тәбеті нашарлап, қабырға астында ауру, жүректің айнуы пайда болып, жиі құсады, нәжісінің түсі өзгеріп,нәжісі ағарады,зәрі қызарып, көзінің ағы сарғаяды.Көп жағдайда ауру тұмауға ұқсас болады: дене қызуы көтеріліп,тұмау, жөтелпайда болып, бүкіл дене ауырсынады. Бұл кезеңде науқас жанындағы адамдарға қауіпті, себебівирус ағзадан ерекше қарқынды бөлінеді. Ауру сарғаюсыз, жасырын түрде өтуі де мүмкін.

Ата-аналар, балаларыңыздың денсаулықтарына мұқият қараңыздар!Аурудың алғашқы белгілері байқалысымен дәрігерге жүгіну қажет.Балаларға арналған мектепке дейінгі мекемедегі топта және мектептегі сыныпта науқас баланың болуы бүкіл балалар ұжымына аурудың жұғу қаупін тудырады.Аурудың қаупін ескере отырып, өзіндік емделуге болмайды!

Маңызды:

- Жеке тазалық ережесені сақтаңыз,бірінші кезекте, әсіресе тамақ даярлаудың алдында қолыңызды таза сумен жуыңыз.

- Тағамға тек таза көкөністер мен жемістерді қолданыңыз.

-Қауіпсіз ауыз суды тұтыныңыз жәнекездейсоқ су көзінен суды тұтынудан аулақ болыңыз.

-Гепатитке қарсы уақытында вакциналаудан өтіңіз.

 

Гепатит деген не?

Вирусты гепатит –қоздырғыштары гепатит вирустары болып табылатын бауырдыңқабынуы, вируссыз гепатит –улы заттар (мысалы, ішімдік пен кейбір есірткілер) жәнеаутоиммундық  ауру.

Гепатит вирустарыныңқанша түрін білесіздер?

Гепатит вирустарыныңA, B, C, D және E деп аталатын негізгі 5 түрі бар. В және С түрлері жүздеген миллион адамды созылмалы ауруға шалдықтырады және бауыр циррозы мен обырдыңеңкөп таралған себебі болып табылады.

Гепатитті қалай жұғады?

Ағзаға түскен инфекция көп болған сайын ауру жұқтыру қаупі де жоғары болады. Сондықтан қауіп-қатердіңкөбін вирустыңкөлемі көп залалды қанмен байланыс тудырады. Ол тексерілмеген қанды және оныңөнімдерін пайдаланғанда, сондай-ақзалаласыздандырылмаған немесе нашар өңделген құралдармен теріні зақымдау, маникюр, татуировка жасаумен байланысты шаралар жасау кезінде орын алуы мүмкін.

«А»гепатитін қандай белгілер арқылы анықтауға болады?

Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, дене қызуы көтерілсе және несептіңтүсі қарайса (зәрдіңтүсі қою қара шайға ұқсайды және қатты көпіреді), онда «А»гепатитіне күмәндануға болады.Дәрігерге жүгініңіз!

«А»гепатитініңтаралуыныңқалай алдын алуға болады?

- қауіпсіз ауыз сумен тиісті қамтамасыз ету;

- ағын суларды тиісті пайдалану;

-қауіпсіз сумен үнемі қолды жуу секілді жеке тазалықты сақтау.

«В»гепатиті деген не?

В гепатиті— «В»гепатиті вирусы шалдықтыратын бауыр ауруы. Бұл  вирус ауруға шалдықтыра отырып бауыр қызметін бұзады. Ауру жұқтырғандардыңаздаған пайызы бұл вирустан арыла алмайды және созылмалы ауруға ұласады. Бұл тұлғалар бауыр циррозы мен обырынан өлім-жітімге ұшырау қаупі жоғары.

«В»гепатиті қалай жұғады?

В гепатиті вирусы ауру жұқтырған тұлғанын қанымен және ағзасындағы сұйықтығымен және адамныңиммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) байланысукезінде жұғады. Дегенмен ВГВ АИТВ-ға қарағанда 50-100 есе жұқпалы.

«В»гепатиті вирусын жұқтырудыңбасты жолдары?

- босанған кезде анадан балаға(перинаталды жұғу);

- баладан балаға;

- қауіпті инъекциямен қан құйғанда;

- қорғалмаған жыныстыққатынас кезінде.

«В»гепатиті қандай жағдайда БЕРІЛМЕЙДІ?

- «В»гепатиті вирусы ас үй жабдықтары, баланы емізгенде, құшақтағанда, сүйгенде, қол алысқанда, жөтелгенде, түшкіргенде немесе қоғамдықбассейндер мен осындай объектілерді үзілістік қолдану кезінде жұқПАЙДЫ.

өзіңізді гепатиттен қалай қорғауға болады?

Сіз өзіңізді «В»гепатитінен екпені көмегімен қорғай аласыз. Бұл вакцинаныңсозылмалы ауруға шалыдығудан алдын алу тиімділігі 95%-ды құрайды.

Созылмалы гепатиттіңсалдары қандай болуы мүмкін?

Айтарлықтай көп адамда созылмалы инфекция бауыр циррозы мен бауыр обырына шалдықтырып, бауырдыңжеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін.

В және С гепатиті вирусыныңжұқтыру қаупіне кім бейім?

«В»және «С»гепатиті көбінесе қорғанбай жыныстыққатынаса түскенде, инъекциялықесірткілерді тұтынғанда және қауіпсіз медициналық, косметологиялық  шараларды жүргізгенде таралады.

Ортақ  маникюрқайшылары қауіпті ме?

өткір құралдарды ортаққолданудын аулақболу қажет. Егер өзіңізді жарақаттап алсаңыз залалды қан бөлшектері қайшы, ұстара, тіс щеткасы, тіс шұқығышта қалуы мүмкін және сіздіңжақындарыңыздыңбірі терісін зақымдап алса, вирусы бар қан жараға түсіп, оны да зақымдауы мүмкін.

Менің отбасы мүшелерімді гепатитке тексеру қажет пе?

Иә, жыныстық серіктеске, сондай-ақ басқа отбасы мүшелеріне маникюр қайшысы, тіс щеткасы, ұстара, тіс шұқығыш және т.б. жеке тазалық құралдарын ортақ қолдану кезінде жұқтыру қаупі бар.

Гепатит қалай жұғады?

Өңінішке орай,вирустық гепатиттен 100% сақтануға болмайды. Бірақ, бірнеше қарапайым ережелерді сақтай отырып, қауіп-қатерді азайтуға болады:

- маникюр, педикюр, тату, пирсинг және т.б. күмәнді салондардан, сондай-ақ қоғамдық орындардан аулақ болыңыз, онда көп реттік құралдар мен олардың бөліктері қажетті залалсыздандыру қамтамасыз етілмеуі мүмкін;

-кез келген бөтен залалсыздандырылмаған үшкір, кесетін құралдарды, медициналық, маникюр мен басқа құралдарды қолданудан аулақ болыңыз;

- гепатитке тұрақты тексеріліңіз.

- «В»гепатитіне қарсы екпе жасатыңызол сізді аурудан 100% қорғайды.

 

 

«Тереңкөл аудандық ауруханасы»

ШЖҚ КМК ЖТД-дәрігері   Л.Д.Ташпаева