контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
МӘМС аясында жоспарлы госпитализациядан қалай өтуге болады
05-02-2026 09:21
МӘМС аясында жоспарлы госпитализациядан қалай өтуге болады
 
Госпитализация процесі бірнеше негізгі кезеңнен тұрады — дәрігерге қаралудан бастап операциядан кейінгі қалпына келуге дейін:
 
1. Емдеуші дәрігерге қаралу
Ең алдымен тіркелген емханаңызға жүгініңіз.
• Қарау: дәрігер алғашқы тексеру жүргізеді.
• Диагностика: медициналық көрсетілімдер болса, қажетті тексерулер тағайындалады.
• Клиниканы таңдау: стационарлық ем қажет болған жағдайда жолдама рәсімделеді. Медициналық ұйымды дәрігермен бірлесіп таңдауға құқығыңыз бар.
 
2. Кезекке қою
Жүйеде ресми тіркелу үшін:
• Сізге «Госпитализация бюросы» порталына кезекке қою үшін қажетті тексерулер тізімі беріледі (ауруыңыздың емдеу хаттамасына сәйкес).
 
3. Кезекті күту
• Жолдама алу: тіркелгеннен кейін госпитализацияға талон беріледі.
• Бақылау: кезегіңізді bg.eisz.kz сайтынан өз бетінше қадағалай аласыз.
 
4. Операциядан кейінгі ем және оңалту
• Бақылау: стационардан шыққаннан кейінгі ем емханаңызда жалғасады.
• Оңалту: қажет болған жағдайда емдеуші дәрігер қалпына келтіру еміне немесе реабилитацияға жолдайды.
 
Анықтамаға арналған пайдалы байланыстар:
 1414 — Бірыңғай байланыс орталығы
Qoldau 24/7 — өтініштерге арналған мобильді қосымша
 SaqtandyrýBot — сақтандыру мәртебесін тексеру және кеңес алу үшін Telegram-бот