Павлодар қаласындағы перинаталдық орталықтың мамандары — дәрігер-гинеколог пен дәрігер-неонатолог Тереңкөл ауданының ауруханасына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында гинеколог кабинеті мен босану бөлімінің жұмысына тексеру жүргізілді. Мамандар жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің ұйымдастырылуымен танысып, медицина қызметкерлеріне әдістемелік ұсыныстар берді.
Осындай жұмыс сапарлары медициналық көмектің сапасын арттыруға және мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя