КМҚК «Тереңкөл ауданының ауруханасында» 1 типті қант диабеті бар балалардың ата-аналарына арналған Денсаулық мектебінің кезекті сабағы өтті.
Мамандар ата-аналарға балалардағы ауруды бақылаудың маңызды аспектілері туралы айтып берді:
1 типті қант диабеті деген не және ол қалай дамиды;
баланың қандағы қант деңгейін қалай дұрыс бақылау керек;
инсулинді дұрыс енгізу ережелері ;
дұрыс тамақтану және тамақтану рационын құрастыру ерекшеліктері ;
баланың денсаулығын сақтаудағы физикалық белсенділіктің маңызы ;
гипогликемия және басқа асқынулардың алдын алу.
Кездесу барысында ата-аналарға баланың күнделікті күтімі, өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізу және қауіпті белгілерді дер кезінде тану туралы практикалық ұсыныстар берілді.
Кездесу соңында ата-аналар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті кеңестер алды.
Отбасының қолдауы, дұрыс емдеу және тұрақты бақылау қант диабеті бар балаларға белсенді әрі толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя