контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Эпидемиялық паротит: баланы алдын ала қорғау неге маңызды
23-04-2026 08:52
Эпидемиялық паротит: баланы алдын ала қорғау неге маңызды



Эпидемиялық паротит (борықтану) — ауа-тамшы жолымен таралатын жіті вирустық инфекция. Әсіресе балалар жиналатын ортада тез тарайды. Ең қауіптісі — адам ауру белгілері байқалмай тұрып-ақ жұқпалы болады. Сол себепті инфекция жылдам тарап, ұжым ішінде өршуі мүмкін.

Бұл ауру көбіне екпе алмаған балалар арасында кездеседі. Тағы бір маңызды жайт — эпидемиялық паротитке қарсы арнайы ем жоқ. Яғни, қолданылатын ем тек баланың жағдайын жеңілдетуге бағытталады, ал аурудың өзін жоюға әсер етпейді.

Осындай жағдайда ең тиімді жол — алдын алу. Вакцинация — бұл инфекциядан қорғанудың жалғыз сенімді тәсілі. Екпе Ұлттық күнтізбе бойынша салынады, ағзада тұрақты иммунитет қалыптастырады және ауруға шалдығу қаупін 85–95%-ға дейін төмендетеді. Сонымен қатар вакцинация ұжымдық иммунитет қалыптастырып, инфекцияның кең таралуына жол бермейді.

Ауруды толық емдеу мүмкін болмаған кезде және оның салдары ауыр болуы ықтимал жағдайда, баланың денсаулығын қорғаудың ең дұрыс жолы — алдын алу.