Қалқанша безі – ағзадағы зат алмасуды, жүрек, жүйке және гормоналды жүйенің жұмысын реттейтін маңызды орган. Сондықтан оның саулығын сақтау өте маңызды.
Қалқанша безінің саулығын сақтау үшін:
Йодқа бай тағамдарды тұтыныңыз
(балық, теңіз өнімдері, теңіз қырыққабаты, йодталған тұз)
Белсенді өмір салтын ұстаныңыз
Дұрыс және теңгерімді тамақтаныңыз
Иммунитетті нығайтыңыз
Стрестен аулақ болыңыз
Жылына кемінде 1 рет эндокринолог дәрігерге қаралыңыз
Егер келесі белгілер байқалса, дәрігерге көрініңіз:
әлсіздік
тез шаршау
салмақтың өзгеруі
мойын аймағында ісіну
жүрек қағысының жиілеуі
Уақытында тексерілу – денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы!
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя