Мереке қарсаңында Тереңкөл аудандық ауруханасының қызметкерлері кішкентай пациенттерді қабылдады. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында қабылдау барысында аниматор балалармен көңілді ойындар өткізіп, оларға пайдалы тәтті – гематоген таратты.
Осындай іс-шаралар балалардың медициналық мекемеге деген сенімін арттырып, олардың ауруханаға келуін жайлы әрі жағымды етеді.
Барша балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, қуаныш пен жарқын әсерлер тілейміз!
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя