2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес, скринингтік зерттеулер келесі жас топтары бойынша жүргізіледі:
| Скрининг түрі | Кімдер өтеді | Жасы | Өту жиілігі |
|---|---|---|---|
| Артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы анықтау және мінез-құлықтық қауіп факторларын бағалау | Осы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын ерлер мен әйелдер | 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74 және 76 жас | 2 жылда 1 рет |
| Сүт безі обырына скрининг | Әйелдер | 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74 және 76 жас | 2 жылда 1 рет |
| Жатыр мойны обырына скрининг | Әйелдер | 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66 және 70 жас | 4 жылда 1 рет |
| Колоректалдық обырға скрининг | Ерлер мен әйелдер | 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жас | 2 жылда 1 рет |
Қосымша ақпарат:
-
Скринингтік тексерулер тегін алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарында жүргізіледі.
-
Онкологиялық скринингтер Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде өткізіледі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан қолжетімді.
-
Скрининг нәтижесінде қандай да бір ауытқулар анықталған жағдайда, пациент қосымша тексерулерден өтуге және бейінді мамандардың консультациясына жіберіледі.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя