контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Тереңкөл ауданы ауруханасының қызметкерлері IX Республикалық конгреске қатысты
04-09-2026 10:15
Тереңкөл ауданы ауруханасының қызметкерлері IX Республикалық конгреске қатысты
2026 жылғы 3–4 қыркүйек күндері Алматы қаласында халықаралық қатысумен артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика бойынша IX Республикалық конгресс — CARDIO Forum QZ өтті. Конгресс жұмысына Тереңкөл ауданы ауруханасының мамандары: дәрігер-кардиолог Сальменова Молдир Ануаровна; ЖПД дәрігері Мулькибаева Махаббат Баянбековна қатысты. Конгресс барысында мамандар жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу және емдеудің заманауи тәсілдерімен, артериялық гипертониясы бар пациенттерді жүргізудің өзекті әдістерімен танысып, әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасты. Осындай кәсіби іс-шараларға қатысу медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және заманауи медициналық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді. Мамандарымызға жаңа білім, кәсіби табыс және еңбектеріне толағай жетістіктер тілейміз!