Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Нұрғожина Сауле Ордабайқызы Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «Тереңкөл ауданының ауруханасы» КМК-на барды.
Сапар барысында аурухананың қызметімен, материалдық-техникалық базасымен және тұрғындарға медициналық көмек көрсету жағдайымен танысты.
Кездесу барысында аудандық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жолдары талқыланды.
Ашық әрі сындарлы диалог проблемалық мәселелерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Басты мақсат – тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету және халық денсаулығын сақтау.