контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БАЛАЛАРЫН МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ҚАЛАЙ ҚОСУҒА БОЛАДЫ?
08-10-2026 10:55
ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БАЛАЛАРЫН МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ҚАЛАЙ ҚОСУҒА БОЛАДЫ?



 Құрметті ата-аналар!

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарының балалары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде «Балалар» жеңілдетілген санатына енгізілуі мүмкін.

 18 жасқа дейінгі балалар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.

 Маңызды! Қазақстанда берілген туу туралы куәлік баланың тұрақты тұру мәртебесін автоматты түрде растамайды.

 Не істеу қажет?

Тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну.

Балаға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат рәсімдеу.

Тиісті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерге енгізілгеннен кейін МӘМС жүйесіндегі мәртебе автоматты түрде жаңартылады.

 Балаңыздың медициналық көмек алу құқығын уақытылы қамтамасыз етіңіз!