2026 жылғы 28 қазанда Павлодар қаласында «Қызыл қазан» гемобластоздарға қарсы күрес айлығы аясында «Павлодар облысында гематологиялық ауруларды ерте диагностикалау және пациенттерді бағыттау» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға Тереңкөл ауданы ауруханасының қызметкерлері қатысты:
Маженова М.Н.
Еркибаева А.Ю.
Ахменова С.С.
Семинар барысында гематологиялық ауруларды ерте анықтау, медицина қызметкерлерінің онкологиялық қырағылығын арттыру, сондай-ақ пациенттерді мамандандырылған тексеру мен емдеуге уақтылы жолдау мәселелері қарастырылды.
Осындай іс-шараларға қатысу медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, диагностика сапасын жетілдіруге және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Ерте диагностика — уақтылы емдеудің және денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы!