контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ А.ҒИНИЯТ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
20-02-2023 10:22
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ А.ҒИНИЯТ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін Павлодар облысының тұрғындарымен және азаматтық секторымен кездесу өткізді, оның барысында тұрғындарды медициналық көмекті жақсарту жөніндегі ведомство тарапынан шаралар туралы хабардар етті. Бүгін жұртшылықпен кездесу барысында Ажар Ғиният медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтерді қамтуды кеңейту және қолжетімділікті қамтамасыз ету, ауылдық денсаулық сақтауды дамыту, жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ана мен бала денсаулығын сақтау және басқаларын қоса алғанда денсаулық сақтауды дамытудың бірқатар басым бағыттарын атап өтті.