контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Емхана ұжымының негізгі құндылықтары

Емхана ұжымының негізгі құндылықтары:

  • Нәтиже сапасын арттыру мақсатындадиагностикалау мен емдеудің  инновациялық технологияларын және заманауи әдістеріненгізу.
  • Емдеу-диагностикалау үдерісінің барлық қолжетімді медициналық аспаптарымен игеру дағдыларын жетілдіру.
  • Ұйымның ғылыми-білімділік қызметін оның мүшелерінің кәсіби өсуі мен біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру мақсатында дамытуға жәрдемдесу.
  • Дәрігерлік мейірімділіктің, рақымшылықтың дәстүрлі қағидаларын сақтау, науқас адамға жанашырлық таныту мен көмек көрсету.
  • Біздің қызметкерлердің қызметтік әрекеттеріндегі шынайылықтың, тәртіптіліктің, жауапкершіліктің, кәсіби жоғары әдептің қағидаларын басшылыққа алу.

 

Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң Ар-намыс кодексi

1.Қазақстан Республикасы  медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң Ар-намыс кодексi (бұдан әрi — Ар-намыс кодексi) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң азаматтар мен тұтастай қоғам алдындағы өз қызметi үшiн моральдық жауапкершiлiгiн айқындайды.

 

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерi өз қызметiнде:
1) осы Кодекстi және Ар-намыс кодексiн басшылыққа алуға;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;
3) тек қана пациенттiң мүдделерiнде шешiм қабылдауға;
4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерiнiң жоғары атағына кiр келтiретiн iс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
5) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал әрi сапалы атқаруға;
6) өзiнiң кәсiптiк бiлiмiн үздiксiз жетiлдiруге;
7) өзiнiң жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудiң әдiстерi мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;
8) еңбек тәртiбiн мүлтiксiз сақтауға;
9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкiне ұқыпты қарауға және оны тиiмдi пайдалануға;
10) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға;
11) қызметтiк ақпаратты пайдақорлықпен және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге;
12) жеке басының үлгiсiмен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;
13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлерi тарапынан Ар-намыс кодексiнiң нормаларын бұзу фактiлерiне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;
14) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде белгiленген киiм нысанын сақтауға тиiс.