контакт: 8(7182)657005 pol4pavlodar@gmail.com
адрес: г. Павлодар ул. Ткачева 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Онлайн-тіркелу арқылы қабылдауға қалай жазылуға болады?

Онлайн-тіркелу арқылы қабылдауға қалай жазылуға болады?

Онлайн-тіркелу арқылы қабылдауға жазылу үшін мына бетті ашу қажет:

http://depzdrav.gov.kz/content/view/41/1629

«Қабылдауға жазылу» жұмыс тәртібін таңдаңыз.

Запись онлайн регистратуру

 

Ары қарай бөлімшені таңдау қажет («Ересектер емханасы», «Балалар емханасы», «Әйелдер кеңесі»).

Запись онлайн регистратуру

Үшінші қадамда дәрігердің мамандануын таңдаңыз. Егер де Сіз терапевт, педиатр немесе жалпы тәжірибе дәрігерінің қабылдауына жазылғыңыз келсе, дәрігердің нақты мамандануын таңдау керектігін естен шығармаңыз («терапевт-дәрігер», «жалпы тәжірибе дәрігері» немесе «педиатр-дәрігер»).

Запись онлайн регистратуру

Келесі қадамда ЖСН-ды көрсету арқылы өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді көрсетесіз. Егер ЖСН белгісіз болса, емделушінің тегін, атын, әкесінің атын және туған күнін көрсеткен жөн. Сақтық үшін жүйе Сіз экранда көріп тұрған сандарды енгізуді сұрайды –оларды сәйкес жолға енгізу қажет. «Жеке мәліметтерді өңдеуге келісемін» деген жерге қанат белгісін қойып, «Қабылдауға жазылу» түймесін басыңыз.

Запись онлайн регистратуру

Бесінші қадамда таңдалған мамандық бойынша дәрігерлердің кестесі көрсетіледі. Егер кестеде бос жазылулар болса, онда таңдалған дәрігердің «онлайн-жазылу» жолақшасында  «Бос: жазылу саны» деп жазылып тұрады. Егер бұл жазу болмаса, Сіз таңдалған күнге жазыла аласыз.

Егер жазбада «Бос: жазылу саны» деп тұрса, сол ұяшыққа басып, қабылдаудың нақты уақытын таңдайсыз.

 

Қолжетімді уақытқа баса отырып, қабылдауға онлайн-жазылудың барлық мәліметтерін тағы бір рет қарап, «Ия, бәрі дұрыс!» түймесін басасыз. Осыдан кейін «Қабылдауға жазылу сәтті аяқталды» деген жазу шығады. Осымен жазылу процесі аяқталады.

Запись онлайн регистратуру