контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Әлеуметтік орталықтармен бірлескен жұмыс

№4 емхана қарттар мен мүгедектер жұмысында әлеуметтік, психологиялық, паллиативті және басқа көмек түрлерін көрсететін әртүрлі орталықтармен және ұйымдармен қызмет істеп келеді.

№4 емхана қарттар мен мүгедектер жұмысында әлеуметтік, психологиялық, паллиативті және басқа көмек түрлерін көрсететін әртүрлі орталықтармен және ұйымдармен қызмет істеп келеді.

Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі.

 

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің қызметі – жалпы типтегі қарттар мен мүгедектерге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық –әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетудің типтік қағидаларымен реттеледі. Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі 280 төсек-орынды, денсаулық жағдайына байланысты үнемі күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбектік бейімдеуге мұқтаж ететін 1,2 топтағы мүгедектер мен қарттардың уақытша немесе тұрақты тұруға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі болып табылады.

Мекенжайы: Кутузовкөшесі,284, телефоны: 60-83-58 (вахта)

18 төсек-орынға арналған «Әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығы» ММ.

Ұйымның басты мақсаты – зомбылыққа душар болған немесе қиын әлеуметтік жағдайларға тап болған әйелдер мен балаларға тәулік бойы тегін әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және басқа да көмек түрлерін көрсету. Әйелдердің және кризистік жағдайларда кәмелетке толмаған балалары бар әйелдердің әлеуметтік және психологиялық бейімдеу деңгейін арттыру, әлеуметтік тұрақсыздық деңгейін төмендету.

Орталықта психолог, педагог-психолог, заңгер, әлеуметтік мәселелер бойынша маман және медбикелер қызмет жасайды.

Телефоны: 54-36-47

Павлодар хосписі «СОЛЯРИС»  әлеуметтік — экологиялық бірлестігі.

Павлодар хосписі 2009 жылдан бастап заманауи талаптарға сай 15 төсек орынға арналған паллиативті көмек көрсететін толық функционалдық орталығы.«Солярис» — бұл соңғы сатыдағы онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға, адамдарға медициналық және психологиялық көмек көрсететін қайырымдылық мекемесі.

Мекенжайы: Жаяу-Мұса көшесі, 4; телефоны: 34-58-65

Балалар психологиялық орталығы

Балаларға жоғары білікті неврологиялық, психологиялық, логопедия және оңалту көмектерін көрсету бойынша заманауи медициналық мекеме.

Мекенжайы: Жаяу-Мұса көшесі, 4

«Сен жалғыз емессің» қоғамдық қоры

Келесі көмектер көрсетіледі:

1. Есірткіге тәуелділерге кеңес беру.

2. Есірткіге тәуелділерге арналған топтық ем.

3. Заңгердің кеңес беруі.

Мекенжайы: Естай көшесі, 134-1, телефоны: 68-90-18

 

Барлық орталықтар туралы анықтамаларды 65-71-30 телефоны арқылы біле аласыз.