контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Маскүнемдікті алдын алу

Маскүнемдік –  ауыр сырқат. Күн сайын аса көп ішімдікті қолданудан адамдар өлуде: адамзат тарихында оба, шешек, сүзек, тырысқақ эпидемиялары ауруларынан гөрі «маскүнемдіктің» өлім саны көбірек….

Қазіргі қоғамның міндеті – адамдарды бұл қатерден сақтау, дені сауларды ішімдікті қолдану зияндылығынан сақтандыру, жаңа бастаған маскүнемдерді тоқтату, осы жолға жаңа түскен, сауығуға үміті бар науқастарға көмек көрсету. Осы мақсатта маскүнемдіктен әр түрлі  нысандағы және бағыттағы арнайы алдын алу жүргізіледі.

Бастапқы маскүнемдіктен алдын алу

Бастапқы маскүнемдіктен алдын алу – бұл нақты ішімдікке тәуелді адамдармен кездеспеген адамдарды сақтандыру тәсілі. Маскүнемдікті болдырмаудың ең қарапайым және қаупсіз жолы – бұл потеницалды науқасқа оны алда не  күтіп тұрғандығы жөнінде түсінік беру, атап айтқанда:

·         ауыртәуелділілік;

·         денсаулығымен көптеген проблемалар;

·         отбасы және қоғаммен проблемалар;

·         ең соңында, қайғылы аяғы– өлім.

Бұл маскүнемнің өз еркімен өзін-өзі маскүнемдікке апаратын стандарттық тізбек тобы.Мұндай тағдырдан сақтанудың мінсіз тәсілі  ол жас адамның санасына маскүнемнің теріс кейпін қалыптастыру болып табылады. Егер адам өз өмірінде ішімдікті қолданбай өмір сүруді қалыптастырса, онда бастапқы маскүнемдіктен алдын алу табысты орындалады. Көзі жеткен ішімдікке әуестенбеген адам өмірге деген көзқарастарын сирек өзгертеді, керісінше, олар өздерінің туысқандары мен достарына дұрыс таңдау жасауға көндіреді.

Сәтті өткізілген бастапқы маскүнемдіктен алдын алу – бұл болашақтағы көптеген проблемалардың болдырмаудың ең жақсы тәсілі.

Екінші маскүнемдіктен алдын алу

Екінші маскүнемдіктен алдын алу – бұл ішімдікке тәуелді болған науқас адамдарға көмек көрсету. Көбінесе маскүнемдер өз мәселелерін шын қабылдамайды, олар болашақта өздерін бақылауда ұстайтынына және кез келген кезде барлығын өзгерте алатындығына сенімді қарайды. Науқас маскүнемнің бұрмаланған дүниетанымы оның елестеуіндегі өзінің бейнесін жуып шаяды, яғни қоршаған орта байқаған дүниелерді, маскүнемнің өзі көрмейді. Ауыздан шыққан арақтың иісі, сыртқы кейпінің дұрыс болмауы, қолының қалтырауы және ұқыпсызтәртібі сияқты қасиеттер маскүнем үшін қалыпты жағдай болып саналады, ал аурудың айқын белгілері науқас үшін виртуозды жасырын қалады.

Мұндай жағдайда көмек қажет, қолдау көрсетусіз маскүнем өзінің «әуесқойлығынан» арылмайды.  Осындай адамдарға екінші маскүнемдіктен алдын алуы талап етіледі. Оған мынадай шаралар жатқызылады:

1.      Науқастың отбасы мен жақын достарымен бірге жұмыс істеу.

2.      Тәртіптің ұнамды үлгісін құру үшін бұрын ішімдікпен әуестенген маскүнемдермен  бірге кездесу ұйымдастыру.

3.      Әртүрлі әңгімелесулер мен психологиялық тренингтер.

4.      Басқа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету түрлерінің кең ауқымды кешені.

Екінші алдын алу науқастың өз қателігін түсінуге және өзіне әрекет жасауға көмектесуге бағытталған. Науқастың маскүнемдік тәуелсіздіктен арылу тілегі – дұрыс өмір жолына оралудың ең маңызды түрінің бірі, қайтпас белгі өтілмеген және науқастың денсаулығы дұрыс өмір сүруге мүмкіндіктер береді.

Екінші маскүнемдіктен алдын алуміндеті – бұл маскүнемнің ағзасында патологиялық өзгерістердің болдырмауына жету.