контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
АИТВ – жұқпасын алдын алу

Адамдағы иммунтапшылығы вирусы ауруы өзге аурулар сияқты оны емдегеннен гөрі, ескерткен жөн. Өйткені, өкінішке орай, қазіргі кезде бұл дерттен толығымен айығуға болатындай дәрі-дәрмек ойлап табылмаған. Сондықтан АИТВ-инфекциясының жұқтыруынан алдын алудың негізгі шараларын және бар білетін тәсілдерді білу қажет.

АИТВ-инфекциясы:таралу жолдары және халықтың алдын алу шаралары

Жұқтырудың белгілі тәсілдері:

1. Жұқпалы адамның қаны сау адамның қанына таралуы.

2. Сақтанбаған жыныстық қатынас.

3. Анадан балағажұқтырғанда (құрсақтың ішінде, босану кезінде немесе емшек сүтімен қоректендіргенде).

Аурудың ең алғашқы таралу жолы көбінесе медициналық саладағы қызметкерлердің арасында таралады, өйткені олар емделушілердің қандарымен байланыс жасайды.

Сақтанбаған жыныстық қатынаспен сондай-ақ, ауыз және анал түрлеріндегі жыныстық қатынастарды айтып кетуге болады. Сонымен бірге, жұқтыру қаупіне көбінесе ерлерге қарағанда әйелдер душар болады,себебі әйел ағзасына шоғырланған вирустық тіндерімен шәуеттің көп мөлшері түседі.Анадан балаға АИТВ-ның таралу кезінде құрсақ 8-10 апта жүктілігінде жұқтырып алады. Егер індет жұқтырылмаған болса, онда босану кезінде ана мен баланың қан алмасу  кезінде жұқтыру мүмкіндігі бар.

АИТВ-жұқпасын алдын алу әдістері:

  1. Ақпараттық хабарлама. Неғұрлым бұқаралық ақпарат құралдарында ауруды жұқтырудың қаупі туралы сақтануы айтылатын болса,  онда соғұрлым адамдар, әсіресе жастар бұл жөнінде ойланатын болады. Айырықша күшті салауатты өмір салтына және жыныстық аралас қатынастарға, есірткіден бас тартуға насихаттауды бағыттау керек.
  2. Тосқауылды контрацепция. Қазіргі таңда презерватив  адамның тәніне генитальдік сұйықтықтың таралмауына 90%  шамасында қорғауды қамтамасыз етеді. Сондықтан әрқашан өзіңізбен бірге контрацепцияның тосқауылдық құралдары  болуы қажет.
  3. ЗарарсыздандыруЖұқтырылған әйелдерге бала көтермеуді ұсынады, себебі вирустың балаға таралу қаупі жоғары және дәрігерлер баланы аурудан әрқашан сақтай алмайды.Сондықтан АИТВ-пен ауыратын әйел бұл қадамға саналы түрде барып, жүктілікті одан әрі жалғастыру мүмкіндігінен бас тартқан жөн.