контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Скрининг

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынады: Өз денсаулығыңызды сақтау үшін скринингтен өтіңіз! ТЕГІН!!!

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынады:

Өз денсаулығыңызды сақтау үшін скринингтен өтіңіз! ТЕГІН!!!

Скрининг – бұл ауруларды және қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала медициналық тексеруден өткізу. Бұл шаралар емдеу тиімділігін арттыруға және асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Скрининг жүргізу кезінде келесі жұмыстар жүргізіледі:

антропометриялық (бойы, дене салмағы, бел ауқымы) өлшемдер жасау;  артериялық қысымды өлшеу;

нысаналы топтарға байланысты зертханалық және аспаптық зерттеулер өткізу.

Скринингке мына жастағы топтар жатады: • 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы ерлер мен әйелдер:

қандағы холестерин мен глюкозаның мөлшерін анықтау;

электрокардиография (ЭКГ) — көрсеткіштері бойынша ;

кардиологта қаралу — көрсеткіштері бойынша;

эндокринологта қаралу — көрсеткіштері бойынша;

• 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер:

көз ішіндегі қан қысымын өлшеу;

көз дәрігеріне қаралу – көрсеткіштері бойынша;

• 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер:

жатыр мойнындағы сүртінділерге цитологиялық зерттеу;

кольпоскопия — көрсеткіштері бойынша;

• 50, 52, 54, 56, 60 жастағы әйелдер:

Сүт бездерін рентгенологиялық зерттеу (маммография);

Маммологқа қаралу — көрсеткіштері бойынша;

Онкологқа қаралу – көрсеткіштері бойынша;

• 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер:

Тоқ ішек ауруларын ерте анықтау үшін жасырын қан арқылы нәжісті тексеруден өткізу;

Тоқ ішекке эндоскопиялық зерттеу жүргізу(колоноскопия) – көрсеткіштері бойынша;

• 50, 54, 58, 62, 66 жастағы ерлер:

простатит бойынша спецификалық антингенге қан талдауын өткізу;

урологқа қаралу;  көрсеткіштер бойынша ультрадыбыстық зерттеу және биопсия;

• 50, 54, 56, 58, 60 жастағы ерлер мен әйелдер:

Ас қорыту жүйесі мен асқазанды эндоскопиялық зерттеу (эзофагогастроскопия);

Гастроэнтерологқа қаралу;

Онкологқа қаралу – көрсеткіштері бойынша;

• Вирусты және вирусты емес этиологиялы бауыр циррозымен ауырған ерлер мен әйелдер:

қанды альфа – фетопротеинге зерттеу;

бауырға ультрадыбыстық зерттеу өткізу.

Тексеріс тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енгізілген.

Ткачев көшесі, 16 мекенжайы бойынша ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның ересектер корпусының 1 қабатындағы №В118 кабинетіне дүйсенбіден жұма аралығында сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін және сенбі күні сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін жүгіне аласыз, қосымша ақпаратты 65-71-26 телефоны арқылы біле аласыз. 

Өз денсаулығыңызға жауапты болыңыз!