контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Денсаулық мектептері

Құрметті емделушілер!

Сіздер үшін Павлодар қаласының №4 емханасында «Денсаулық мектебі» жұмыс істейді.

Денсаулық мектептерінің міндеттері:

• аурулардың және олардың қауіп-қатерлері жайлы халықтың ақпараттылығын арттыру;

• өз денсаулығын сақтау үшін емделушілердің жауапкершілігін арттыру;

• емделушінің ауруға, сауықтыру уәждемесіне, дәрігердің ұсыныстарын орындауға және емделу бейілділігіне тиімді және белсенді қарым-қатынасын қалыптастыру;

• аурудың кенеттен күрт асқыну мен шиеленісу жағдайларында алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету, денсаулық жағдайына өздігінен бақылау бойынша емделушінің ептілігі мен дағдылығын қалыптастыру;

• емделушілердің өз денсаулықтарына мінез-құлық факторлардың (тамақтану, қозғалыс белсенділігі, күйзелісті басқару, зиянды әдеттерден бас тарту) қолайсыз әсерін төмендету бойынша ептілігі мен дағдылығын қалыптастыру;

• денсаулығына әсер ететін факторлардың себебін талдау бойынша емделушінің тәжірибелік дағдыларын және жеке сауықтандыру жоспарын құруға емделушілердің оқытуын қалыптастыру.

Денсаулық мектептерінің негізгі қызметі:

1. Емделушілерді үлгілік бағдарламалар бойынша оқыту.

2. Мектепте оқытылғандардың алған білімдерінің, ептіліктері мен дағдыларының тиімділігін бағалау.

Денсаулық мектептеріне арналған оқу бағдарламалары мыналарға негізделуі қажет:

— өзінің үздіксіз оқуын әзірлеуде және жоспарлауда емделушінің қабілеттілігін нығайтуға және белсенді оқытуға;

— емделушінің денсаулығы, қажеттілігі мен мәселелері туралы ұсыныстары негізінде;

— медициналық қызметкер мен емделушінің өз денсаулығын басқарудағы белсенді серіктестікте; — емделушілердің бір-бірімен ынтымақтастығында.