контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Корпоративтік басқару

    Құпия

                                                                             Бекітемін

ШЖҚ «Павлодар қаласының                 №4 емханасы» КМК бас дәрігері

А.Т. Отарбеков ____________

Коммерциялық және қызметтік құпияның сақталуын

 қамтамасыз ету бойынша 
нұсқаулық 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның (бұдан әрі — Кәсіпорын) коммерциялық және қызметтік құпиясының сақталуын қамтамасыз ету бойынша осы Нұсқаулық (бұдан әрі-Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер туралы жалпы нормаларды, сондай-ақ құпияның заңсыз ашылуынан қорғауға бағытталған шараларды белгілейді.
  2. Басқаруға, қаржыға, технологиялық ақпаратқа және үшінші тұлғаларға белгісіз болғандықтан нақты немесе ықтимал коммерциялық құнды, заңды түрде рұқсат жоқ басқа да қызметке қатысты мәліметтер емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясына жатады. Оларды жариялау (беру, тарату) Қоғам мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер тізбесі осы Нұсқаулықтың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада анықталған.

  1. Коммерциялық және қызметтік құпияға келесілер жатпайды:

1) Емхананың құрылтай құжаттары;

2) бос жұмыс орындары, олардың саны мен санаттары туралы мәліметтер;

3) Қазақстан Республикасының құнды құжаттар нарығы туралы заңнамасына сәйкес ашуға болатын эмиссиялық құнды құжаттар және оның иеленушісі туралы ақпарат;

4) Емхананың үлестес тұлғалары туралы ақпарат;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, Емхананың Жарғысымен және басқа да ішкі құжаттарымен рұқсат етілген басқа да мәліметтер.

Міндетті жариялануға тиіс ақпараттар құрамы Емхананың ақпараттық саясаты туралы Ережесімен белгіленеді.

  1. Коммерциялық және қызметтік құпияны қорғау дегеніміз — коммерциялық немесе қызметтік құпияға рұқсаты жоқ белгілі немесе белгісіз тұлғалар арасында жоғарыда аталған мәліметтерді кез келген формада жариялауға тыйым салу.

Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және ақпарат дереккөздерімен тек қана құқықтары мен мүдделері қозғалып жатқан азаматтар, сондай-ақ осындай ақпаратқа қол жеткізу құқығына ие тұлғалар таныса алады.

  1. Коммерциялық құпияны қамтитын құжаттарда, істерде және басылымдарда оларға бөгде тұлғалардың қол жеткізуін болдырмау мақсатында «Құпия» белгісі, қызметтік құпияны қамтитын құжаттарда «Қызмет бабында пайдалану үшін» немесе «ҚБПҮ» белгісі қойылады.

Емхана сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, валюталық-қаржылық және басқа да кәсіпкерлік қатынастарды, оның ішінде оларды шетелдік серіктестермен жүзеге асыру барысында  жасалатын шарттарда құпияны сақтау жөніндегі шарттарды қарастырады немесе коммерциялық құпиядан тұратын мәліметтер сипаты, құрамы, сондай-ақ заңнамаға сәйкес оның сақталуын қамтамасыз ету бойынша өзара міндеттер келісілетін бөлек шартқа қол қояды.

  1. Емхананың коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясынан тұратын мәліметтерді беру, ашық жариялау қажеттілігін, олардың көлемі, нысаны және жариялану (берілу) уақытын бас дәрігер анықтайды.
  2. Шарт немесе сенімгерлік негізінде алынған ақпарат немесе ортақ қызметтің нәтижесі болып табылатын ақпарат тек серіктестердің ортақ келісімі арқылы ғана ашық жариялым үшін қолданылады.
  3. Емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясынан
    тұратын мәліметтерге қолжетімділік
  4. Емхананың коммерциялық және қызметік құпиясын қамтитын мәліметтерді алуға бас дәрігердің, бас дәрігер орынбасарының, корпоративтік хатшының, заңгердің, персоналды басқару қызметіндегі қызметкерінің, көрсетілген құжаттармен жұмыс ұйымдастыруды қамтамасыз ететін іс жүргізуге және хатшылық қызметке жауапты тұлғаның рұқсаты бар.

Емхананың қалған қызметкерлері коммерциялық немесе қызметтік құпияны қамтитын мәліметтер мен құжаттарға тек өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қажетті көлемде ғана рұқсат алады.

  1. Емхана қызметкерінің емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясынан тұратын мәліметтерге қол жеткізуі ол еңбек шартының ажырамас бөлігі болып табылатын осы мәліметтерді жарияламау туралы құжатқа қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады.

Өзінің қызметтік міндеттері есебінен Емхананың коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясынан тұратын мәліметтерге қол жеткізе алатын қызметкерді, сондай-ақ осындай мәліметтер сеніп тапсырылған қызметкерді Емхананың персоналды басқару қызметі осы Нұсқаулықпен таныстыруы қажет.

  1. Емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясын қамтитын құжаттар берілген құжаттарда көрініс тапқан ақпарат құзыретіне жатқызылатын емхананың құрылымдық бөлімшелерінде сақталады.

Бір құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне басқа бір құрылымдық бөлімшеде сақталған коммерциялық және/немесе қызметтік құпияға рұқсат беру соңғысының басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.

  1. Коммерциялық немесе қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерге рұқсат алған қызметкерлер қолданыстағы заңнамаға, осы Нұсқаулыққа және еңбек шартына сәйкес коммерциялық немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды есепке алу, қолдану, көбейту, сақтау және жою тәртібін сақтауға жеке жауапкершілік алады.
  2. Қызметкер жұмысқа қабылданған күннен бастап еңбек шартын бұзғаннан бес жыл өткенге дейін оған жұмыс бойынша таныс болған коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді құпияда сақтауға, осындай мәліметтердің жариялануына алып келуі мүмкін  өзге тұлғалардың іс-әрекеттерін тоқтатуға міндетті.
  3. Бөгде ұйымдардың қызметкерлері Емхананың коммерциялық немесе қызметтік құпиясымен осы ұйым мен Емхананың арасында құпиялылық туралы келісімі мен/ немесе шарт, сондай-ақ олар жұмыс істейтін ұйымның жазбаша дәлелді сұрауы болған жағдайда таныса алады. Бұл дәделді сұрауда орындалып жатқан тапсырманың тақырыбы, қызметкердің аты-жөні көрсетілуі тиіс.
  4. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. 

Олардың бар болуын тексеру.

  1. Емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясын қамтитын құжаттар олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ететін қызметтік үй-жайларда орналасқан металл шкафта (жәшікте), берік бекітілетін және жанбайтын сейфтерде сақталуы тиіс.
  2. Коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын компьютерлер міндетті тәртіпте құпиясөзбен қорғалуы қажет.
  3. Коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері  олардың сақталуын толық қамтамасыз ету шартымен,орындаушының жеке жауапкершілігінде, тапсырманы орындауға қажет мерзім ішінде оның қолында болуы мүмкін.
  4. Қызметкерлерге коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін жұмыс үстелдерінде, желілік принтерлерде және ксерокстерде қалдыруға жол берілмейді.
  5. Коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды жоғалтып алу немесе оларда қамтылған мәліметтердің жариялану фактілері туралы құрылымдық бөлімшенің жетекшісіне және Әкімшілік бөлімнің іс қағаздарын жүргізуге және құпия жұмысқа жауапты қызметкеріне дереу хабарланады. Бұл ретте аталған тұлғалар құжаттардың жоғалу мән-жайы туралы хабардар етілуі қажет.
  6. Коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың жоғалу фактілерін немесе осы материалдардағы мәліметтердің жариялану фактілерін қызметтік тергеу үшін Емхананың бас дәрігерінің бұйрығымен комиссия құрылуы мүмкін. Комиссияның осындай фактілерді тергеу барысында жинаған материалдары мен тергеу нәтижелері туралы комиссия қорытындысы (акт) кінәлі тұлғаларды заңнамамен белгіленген жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады.
  7. «Құпия», «Қызмет бабында пайдалану үшін» немесе «ҚБПҮ» белгілері бар құжаттарды қабылдау, есепке алу және олармен жұмыс істеу тәртібі Емхананың іс қағаздарын жүргізу бойынша Нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.

Емхананың іс қағаздарын жүргізуге және құпия жұмысына жауапты тиісті бөлімшенің қызметкері  осы құжаттардың бар болуын жылына кем дегенде  бір рет тексереді.

  1. Коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді 
    қолдануға байланысты шектеулер
  2. Емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясына рұқсаты бар қызметкерлер:

1) оларға орындайтын жұмысына байланысты мәлім болған коммерциялық және қызметтік құпияны сақтауға;

2) осы Нұсқаулықтың, коммерциялық және қызметтік құпияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша басқа да ережелердің, бұйрықтардың талаптарын орындауға;

3) коммерциялық және қызметтік құпия туралы хабардарлығын бәсекелі іс-әрекет нәтижесінде Емханаға нұқсан келтіруі мүмкін қызметпен айналысу үшін қолданбауға;

4) жұмыстан босатылған жағдайда коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны құрайтын мәліметтердің барлық нұсқаларын өзінің тікелей жетекшісіне немесе ол қабылдау-беру актісінде көрсеткен тұлғаға беруге міндетті.

  1. Қызметкерлерге тыйым салынатын жайттар:

1) бөгде тұлғалардың немесе берілген мәселелер құзыретіне жатпайтын емхананың қызметкерлерінің көзінше Емхананың коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясының мазмұнына қатысты әңгімелесуге;

2) басшылықтың тиісті тапсырмасы мен рұқсатынсыз коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын мәліметтерді, ашық баспада жариялануға арналған құжаттарда, мақалаларда, сөз сөйлеулерде, сұхбаттарда қолдануға;

3) коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді жеке сұрақтар, шағымдар, өтініштер бойынша арыздарда жазбаша баяндауға;

4)жеке блокноттарда, қойын дәптерлерде, жеке компьютерлерде коммерциялық құпияны ашатын жазбалар, есептер және т.б. жасауға;

5) тиісті рұқсатсыз коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың  көшірмелерін түсіруге;

6) жұмыс үстелдерінде жұмысқа қажет емес коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды жинауға;

7) құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік ететін басшыларының рұқсатынсыз коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды ғимараттардан, кеңселерден алып шығуға;

8) коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын «Құпия», «Қызмет бабында пайдалану үшін» немесе «ҚБПҮ» белгілері бар құжаттар мен басылымдардың және басқа да құжаттардың мәліметтерін жаһандық және жергілікті ақпараттық желілерде орналастыруға тыйым салынады.

  1. Жауапкершілік
  2. Коммерциялық немесе қызметтік құпияны жариялау немесе заңсыз пайдалану жағдайында қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгентәртіптік, азаматтық-құқықтық және басқа да жауапкершілікке тартылады.

 

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы»

КМК-ның интернет-ресурсын

ақпараттық толықтыру қағидасы

 

  

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның (бұдан әрі – Емхана) интернет-ресурсын ақпараттық толықтыру қағидалары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік және басқа да заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Емхана туралы интернет-ресурсын ақпараттық толықтырудың қағидаларын айқындайды.
  3. Ресми сайт — бұл Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының сайты, онда емхананың парақшасы бар, ол электрондық көпшілікке қолжетімді ақпараттық ресурсы болып табылады.
  4. Интернет- ресурсты құру және жүргізу мақсаттары:

— Емхана қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;

— азаматтардың ақпаратқа қол жеткізуге және ашуға құқықтарын жүзеге асыру;

— Емхана қызметінің дамуы мен нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар ету болып табылады.

  1. Емхананың интернет-ресурсы ашық және жалпыға қол жетімді. Емхананың интернет-ресурсында орналастырылған ақпарат:

— авторлық құқықты бұзбауға;

— балағат сөздерден құралмауға;

— жеке және заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін кемсітпеуге;

— заңмен қорғалатын мемлекеттік және басқа да құпияны қамтымауға;

— Қазақстан Республикасының заңнамасымен жариялануға тыйым салынған материалдардың болмауы;

— денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіби этикаға қайшы келтірмеуге тиіс.

  1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.

1) интернет-ресурс – Интернетте жұмыс істеп тұрған және аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған, бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар, көрінетін мәтіндік, графикалық, аудиовизуальдік немесе басқа да түрдегі электрондық ақпараттық ресурс;

2) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат;

3) бірінші басшылардың блог-платформасы – денсаулық сақтау ұйымдарының бірінші басшыларының азаматтардың сауалына және оларға жауаптарын жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, «электрондық үкімет» веб-порталының кешені;

4) серпінді ақпарат – денсаулық сақтау ұйымының ағымдағы қызметін көрсететін уақытша сипаттағы ақпарат (перспективалық даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар);

5) статикалық ақпарат – денсаулық сақтау ұйымының ішкі және сыртқы қызметін бейнелейтін, тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау ұйымының құрылымы, ережесі, бюджеттің игерілуі бойынша ақпарат).

 

  1. Интернет-ресурстың құрылымына, мазмұны және пайдалану қолайлылығына қойылатын талаптар
  2. Емхананың интернет-ресурсының құрылымы, мазмұны және пайдалану қолайлылығы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының ақпараттық мазмұнын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес қалыптастырылады.

 

Интернет-ресурстың жұмыс істеуі және

ақпараттық толықтыруы бойынша  жұмыстарды ұйымдастыру

  1. Емхананың интернет-ресурсының құрылымы және орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы осы Қағидаларға  1-қосымшада көрсетілген, орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың бар болуын, сондай-ақ қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Кәсіпорын қызметіне қатысты өзге де ақпараттарды көздейді.
  2. Емхананың интернет-ресурсының ақпараттық көздері тиісті құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда бірдей орыс тілінде және басқа тілдерде әзірленген және ұсынылған материалдарды құрайды.
  3. Емхананың интернет ресурсында орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар серпінді және статикалық ақпараттарға бөлінеді.
  4. Емхананың интернет-ресурсындағы статикалық ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады.
  5. Серпінді ақпарат жаңалық хабарламалдардан басқасы, жаңа ақпарат түсуіне қарай жаңартылады, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кем болмауы керек.
  6. 12. Жаңалық хабарламалар күн сайын орналастырылады. Жаңалық хабарламаларды орналастыру кезінде жаңалық хабарламалардың тақырыбы денсаулық сақтау саласына сай қамтамасыз етіледі.

Жаңалық хабарламалар мәнін ашатын, қысқа және барынша нақты сөйлемдерден қалыптастырылады.

Жаңалық мәтінінде оқиғаның күні, болған орны, мағынасы, нәтижесі туралы ақпараттың болуы қамтамасыз етіледі.

 

 

 

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның
интернет-ресурсын ақпараттық
толықтыру қағидаларына
1-қосымша

 

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК

интернет-ресурсының құрылымы және

орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы

 

№ р/с Ақпараттың түрі Мазмұны
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран.

 

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру қағидаларына сәйкес)

2.

 

 

 

 

 

 

Ұйым туралы жалпы ақпарат

 

 

 

 

1. Ұйым туралы қысқаша ақпарат:

 

— толық атауы, меншік нысаны, көмек түрі, мекенжайы, пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, анықтамалық қызметтердің телефондары;

— телефондар: басшының қабылдау бөлмесі, анықтама қызметі (колл-орталығы) -ТМККК, ақылы қызметтер, амбулаториялық -диагностикалық қызметтер және т.б.,

— тіркелген халықтың (ересектер, балалар) саны, емханаға келушілер деңгейі,

— миссиясы, мақсаттары мен міндеттері.

3. Емхананың имиджі 1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы.

 

2. Бас дәрігердің парақшасы

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы ақпарат. Нормативтік-құқықтық актілер.

4. Этикалық қағида.

4. Конкурстар, тендерлер өткізу 1) Мемлекеттік сатып алуларды реттейтін нормативтік құқықтық актілер (не ресми Интернет-ресурста НҚА сілтемесі);

 

2) Емхана және уәкілетті органмен жүргізілген ашық конкурстар, аукциондар, тендерлер туралы ақпарат.

5.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық форматта көрсету 1) «Мемлекеттік қызмет» бөлімінің бар болуы;  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары.

 

 

6. Емхананың ағымдағы қызметі туралы ақпарат

 

 

1. Мемлекеттік органның қызметі туралы ақпараттық сипаттағы талдамалық баяндамалар мен шолулар;

 

2. Емхана қызметі туралы жарияланатын мақалалар;

3.Емхананың негізгі құндылықтары;

4.Медициналық көрсетілетін қызметтер;

5.Емхананың байқау кеңесінің қызметі;

6.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы.

7. Сұрақ-жауап тарауы

8.Емделушіні қолдау қызметі туралы

9.Бос лауазымдық орындар