Құрметті Павлодар қаласы және Павлодар облысының тұрғындары

«Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМҚК Сіздерді өзінің ресми сайтында қарсы алады!

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 637010, Павлодар қ., Камзин көшесі,275

Телефоны: 60-71-33 (ересектерге арналған диспансерлік бөлімшенің тіркеу орны), факс — 60-72-96, e-mail: dotspv@mail.ru.

Бас дәрігер: Дәулетбек Серікұлы Мусин.

2012 жылдың 20 қарашадағы ұсынылған тізімімен келісілген медициналық қызметке алу сериясы 12022640 мемлекеттік лицензиясы 01047DS. 2010 жылдың 26 қарашадағы3 аккредитация туралы куәлігі, 4 жылдық мерзімімен Z-000659 — тіркеу нөмірі.

Диспансер жұмысын 1933 жылдан бастады. Туберкулезге қарсы қызметтің негізгі өзгерістерінің қалыптасуы 50-жылдары болды.

1956 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансерін 4 категориядан 3 категориялық диспансерге қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ шешімге 1955-1957 жылдары Павлодар облысы аудандарында бөлімшелер мен туберкулезге қарсы ауруханалардың ашылуына байланысты іс-шаралардың жоспары қоса ұсынылған болатын.

Сол 1956 жылы туберкулезбен ауырған науқастарды хирургиялық емдеуді ұйымдастыру туралы сұрақ қойылған еді.

1957 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансері 3 категориядан 100 орындық 1 категорияға ауыстырылып, Екібастұз қаласында, Майқайын кентінде туберкулезге қарсы диспансерлер, Павлодар қаласының балалар ауруханасында және кейбір аудандық орталықтарда туберкулезге қарсы бөлмелер ашылды.

1972 жылы Камзин 275 мекенжайы бойынша ашылған жаңа диспансер Павлодар облысының туберкулезге қарсы қызметіндегі едәуір қадам болып есептелді.

Туберкулезге қарсы қызмет ұйымына өз үлестерін қосқан бас дәрігерлер «Денсаулық сақтау үздіктері»: В.А.Акопян (1959-1970 жж.), А.К.Кадыров (1970-1984 жж.), И.Р.Ахмеджан (1984-2000 жж.).

«100 мектеп, 100 аурухана» Республикалық жоба аясында 2010 жылы туберкулезге қарсы диспансерінің жаңа корпусы салынды және іске кірісті.

Бүгін Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері облыс тұрғындары мен медициналық ұйымдарға туберкулезге қарсы іс-тәжірибе және кеңестік, ұйымдастыру-методикалық көмек көрсету, облыста туберкулезге қарсы қызметті үйлестіретін, емдеу- профилактикалық және мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымы болып саналады.

ПОТҚД өзін көп салалы емдеу мекемесі ретінде 14 стационарлық бөлімшеден, оның ішінде ПОТҚД базасында орналасқан 10 тәуліктік жұмыс істейтін бөлімшелер және 1 орын басатын стационарлық бөлімшесі, Қашыр және Ертіс, Баянауыл аудандарында 1 бөлімшеден орналасқан. Одан басқа Железин, Шарбақты, Ақтоғай, Лебяжі, Успен, Май аудандарында амбулаторлық кезеңдегі науқастардың емделуін және аймақта туберкулезге қарсы іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастыруды, туберкулезді диагностикалауды жүзеге асыратын фтизиатриялық бөлмелер жұмыс істейді.

ПОТҚД-де балалар мен ересектерге арналған күніне 240 адамды қабылдай алатын қазіргі заман талабына сай кеңестік – диагностикалық емханасында амбулаторлық-поликлиникалық көмек көрсетіледі.

Диспансер туберкулезді дер кезінде және сапалы диагностикалауды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы диагностикалық құралдармен жабдықталған: аз дозалы сандық рентген және флюорографиялық аппарат, лабораториялық диагностика үшін соңғы нұсқадағы иммуноферменттік және бактериологиялық, биохимиялық, гематологиялық анализаторлары қолданылады, соның ішінде Bactec автоматтандырылған жүйесі, ал 2-3 сағат ішінде туберкулездің молекулярлық-генетикалық диагностикасын, көптеген дәріге көнбейтін түрін жылдамдату үшін – G-Xpert аппараты, Жапонияда өндірілген эксперттік класстағы УЗИ аппараты бар.

Теріішілік зерттеуді орнату үшін белгіленген туберкулезді диагностикалау, тұлғаларда туберкулездің жоғары белсенді қауіпті түрінің дамуын анықтау және белсенді үрдісті бағалау, туберкулездің дифференциалды диагностикасы, инфекциялық аллергия және поствакциналдық дифференциалдық диагностикалау мақсатымен инновациялық диагностикалық тест — Диаскинтест енгізілді және өткізіліп жатыр (баяу гиперсезгіштік түрі).

Туберкулезбен ауырған науқастарға мамандандырылған медициналық көмек және дәрі-дәрмектер тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында жүргізілуде.

Туберкулез емінің мерзімін қысқарту, емдеудің сапалы және тиімді нәтижесіне жету үшін ПОТҚД дәрі-дәрмекпен қатар коллапсотерапияның аз инвазивтік дәрі-дәрмекті емес тиімді әдістерін: қақпақшалы бронхоблокация және жасанды пневмоторакс жүргізуді қолданады.

«Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМҚК миссиясы

Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері емделушілерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сабақтасқан және сапалы, уақытында, қол жетімділікті қамтамасыз ететін, бактериологиялық зерттеудің қалыпты технологиясы мен заманауи әдістерді қолданумен Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері әлеуметтік бағыт алған медициналық ұйым ретінде саналады.

Біз медициналық қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттыру арқылы медициналық қызмет көрсеткенде жоғары корпоративтік мәдениеттің, мамандыққа деген адалдықтың қалыптасуы арқасында жетістікке жетеміз.

Біз әрбір адамның өзінің күнделікті өмірдегі денсаулығының жетістігі арқылы сау ұрпақ қалыптастырамыз.

Мақсаты мен міндеті

Медициналық қызметтегі қоғамдық қажеттіліктердің, медициналық көмектердің кепілдендірілген көлемін қанағаттандыру, еліміздің тұрақты әлеуметтік — демографиялық дамуы үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығының жақсаруын, сапалы нәтиже көрсету мақсатында диагностика мен емдеудің заманауи әдістері мен инновациялық технологияларын енгізу болып табылады.

Құндылығы

Емделушінің құқығын сыйлау, кәсіби іскерлік, ұйымның дәстүрі мен тәжірибесін қолдану және тәлімгерлік ету, адамгершілік пен қайырымдылық, бірлесу және көшбасшылық.