Ақпараттық және анықтамалық қызмет: 79-99-62
CALL- орталығы (қабылдауға жазылу, дәрігерді үйге щақыру): 79-99-62
Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі телефоны: 8(7187) 347627
40-04-52 – жастар орталығының шұғыл желі телефоны
34-82-44 – медициналық қызметтің сапасы мен түрлі мәселелерге қатысты сенім телефоны.
https://www.facebook.com/Emhana2/
https://www.instagram.com/emhana2ekibastuz/
2014 жылғы 9 маусым күні аусымына 500 адамды қабылдайтын, «денсаулық сақтаудың 350 нысаны» жобасының аясында салынған, Екібастұз қаласының №2 емхана ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Екібастұз қаласының әкімі Александр Федорович Вербняк және Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нурлан Каукенович Қасымов қатысты.
2016 ж. 01.01. тұрғындарға қызмет көрсету саны 47002 адамды құрап отыр.
Емхана 3 қабатты екі корпустан тұрады. Тіркеу орны екі құрылымнан, жалпы және мүгедектер мен зейнеткерлерге арналып салынған. Диспетчер қызметі жұмыс істейді. Қабылдауға жазылулары жазбаша және телефон арқылы жүргізіледі.
Тұрғындардың мақсатты топтарына скрининг тексерулерін замануи және сапалы өткізуде әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуінің профилактикалық бөлімі, жалпы тәжірибе дәрігерлерімен 2 бөлімнен тұратын отбасылық денсаулық сақтау орталығы ашылды.
Орталықтандырылған эндоскопиялық бөлімі ашылған, онда аумақтың барлық тұрғындары диагностикалық тексеруден өтеді, бейневерсияда диагностикалық эндоскопия жабдықтармен жабдықталған. Жинақтылығында бейнегастроскоп, бейнеколоноскоп, бейнежүйе, эндоскоптарды кептіруге және сақтауға арналған машина бар. Айта кететін жағдайдың бірі, емхана замануи жабдықтармен жабдықталған, «Opera», үш жұмыс орындық жүйелі сандық рентгенографиясымен, флюорография EcoView9, екі УДЗ,сездіргі жинақтылығымен диагностикалық сканер, функционалдық диагностикалық жабдықтаулар толық көлемде: реовазограф, эхоэнцефалограф, электроэнцефалограф, спирограф, жүйелі тәуліктік холтер мониторингі, велоэргометр; физиотерапиялық жабдықтаар жарық, жылу, лазермен емдеу, жоғары және төменгі жиіліктегі терапия, ультродыбыстық терапия; зертханалық жабдықтар : қан,зәр анализаторлары,видеоверсиядағы диагностикалық эндоскопияға арналған жабдықтар және емделудегі дене шынықтыру жабдықтары мен оңалту терапиясының жаттығуларына анлалған жабдықтар.
Барлық кабинеттерде АПП,ИСЛО, ЭРОБ жұмыстарына қамтамасыз-дандырылған бағдарламамен компьютерлер орнатылған.
.
Емханада - 58 – дәрігер, соның ішінде 3 жас маман және 162 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді .
Емхананың ашылуы көрсетілетін қызметтің арттыруына, кезектің төмендеуіне және медициналық қызметтің қол жетімділігін жақсартуына әкеледі. Тұрғындардың денсаулығын жақсартудағы еліміздің Президенті қойған, міндеттерін орындауға мүмкіндіктерін туғыза отыра, Екібастұз қаласының тұрғындары емханада қолжетімді, замануи және сапалы медициналық көмек алады.
Қызмет
- Ауданның тұрақты әлеуметтіқ – экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын үнемі жақсартуға бағытталған, медициналық қызметкерлермен пациенттердің сенімділігіне жету жолымен сапалы, қол жетімді медициналық көмек көрсету.
- Жұмыс орнында қолайлы климат туғызуға, қызметкерлерге еңбек ету жағдайын жасауға, біліктіліктерін арттыруға қамқорлық көрсету.
- Мемлекеттік міндеттерді шешуге үлес қосу ө халықтың денсаулығын жақсарту және сақтау.
Мақсаттары:
- Пациенттерге адамгершілдікпен және жоғары кәсіби деңгейде қарау.
- Медицина саласында ғылыми дәлелдерге неғізделген диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу.
- Кәсіпорынның тұрақты дамуын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз өту үшін көшбасшылық пен жетекшілікті қолдау.
- Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштеріне жетуге ықпал ететін әр қызметкердің кәсіби және жеке өсуі.
- Қызметкерлердің творчестволық өздігінен дамуы мен әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ететін корпоративтік мәдениет пен этика негізіндегі ұжымдағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат туғызу.
- Тіркелген халыққа халықаралық стандарт деңгейінде аурулардың алдын алу, диагностикасын жүргізу және емдеудің рационалды формалары мен әдістерін енгізу мен әзірлеу негізінде сапалы әлеуметтік бағдарлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету.
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар обласы денсаулық сақтау басқармасы, ШЖҚ «Екібастұз қ. №2 емханасы»КМК Екібастұз қ., Энергетиктер к-сі, 109 мекенжайында орналасқан.
Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі телефоны: 8(7187) 34-76-27
Факс: 8(7187) 34-76-27
79-99-62 – диспетчерлік қызмет
40-04-52 – жастар орталығының шұғыл желі телефоны
34-82-44 – медициналық қызметтің сапасы мен түрлі мәселелерге қатысты сенім телефоны.
Емхана басшылары:
Бас дәрігер - Қабылтаев Сәдібек Жаңбыртайұлы
Бас дәргердің емдеу-профилактикалық жөніндегі орынбасары – Нигметжанова Кульнар Галимбековна
Бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары –Бай-Юн-Куй Татьяна Германовна
Бас дәрігердің ДТС жөніндегі орынбасары – Кусаинова Шолпан Темиргалиевна
Емхана құрамында:
1) Ақпарат анықтама орталығы
2) Отбасылық денсаулық орталығы
3) Консультативтік-диагностикалық бөлімше
4) Күндізгі стационар
5) Профилактика және әлеуметтік – психологиялық көмек бөлімшесі
Консультативтік-диагностикалық бөлімшеде қабылдаулар келесі балалар және ересектер профилі мамандықтары бойынша жүргізіледі: оториноларинголог, офтальмолог, хирург, травмотолог, невропотолог, кардиолог, эндокринолог, нефролог, ревмотолог, онколог, пульмонолог, гастроэнтеролог, герантолог, уролог.
Емханада функционалдық диагностика бөлімшесі жұмыс істейді.