контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

TOO "Viamedis Pavlodar"

Емхананың миссиясы: Кәсіпорынды, медициналық қызметтер сапасын тиімді басқару, материалдық-техникалық, кәсіби, кадрлық әлеуетті көтеру, емделушіге бағытталған  ұйымды дамыту және медициналық қызметтер спектрін кеңейту жолымен халық денсаулығын жақсарту.

«Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламасын дамыту шеңберінде TOO "Viamedis Pavlodar" «Электронды тіркеу орны» форматында қызмет жасайды:

 

Дәрігердің қабылдауына онлайн жазылуы:

Диспетчерлік онлайны

Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметі

Cенім телефоны: 65-70-15

 

  • Мекенжайы: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ткачев көшесі, 16.
  • е-mail: pol4pavlodar@gmail.com
  • Диспетчерлік қызметі: дәрігердің қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақыру: 76-40-85, 8-778-003-70-48 
  • Диспетчерлік қызметтің кеңесін енді WhatsApp нөмірі арқылы алуға болады:
     
    - 8 (771)043 31 42 (қоңырау шалу мүмкіндігі бар)
  • Әйелдерге кеңес беру тіркеу орны: 65-70-16

 Шаруашылық жүргізу құқығындағы TOO "Viamedis Pavlodar" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (ШЖҚ КМК) – медициналық қызметпен айналасуға мемлекеттік лицензиясы негізінде медициналық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, халыққа бастапқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық пен стационар алмастырушылық көмек түрінде білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Барлық медициналық қызметтердің лицензиясы бар.    

 

    TOO "Viamedis Pavlodar" дербес ұйым бола тұра, жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлігі бар.  

 

    Емхана 2010 жылдың сәуірінен бастап ашылды, «100 мектеп, 100 аурухана» жоба аясында салынды, 2 ғимаратқа (ересектер және балалар) орналасқан. Емхананың қуаттылығы ауысымына 500 келушіден.  Жаңа ғимарат 2011 жылдың тамызынан бастап пайдалануға берілді және ауысымына 100 келушіге есептелген. 

  2023 жылғы 01 қаңтарына халыққа қызмет көрсету – тіркелген халықтың 62786 адамын құрайды.                                                                 

    Емханада мына мамандықтар бойынша қабылдау жүргізіледі: (терапия, педиатрия, жасөспірім кабинетінің дәрігері, гинекология, неврология, кардиология, фтизиатрия, травматология, хирургия, эндокринология, отоларингология, офтальмология, инфекция, урология,  логопедия,  физиотерапия, психология, УДЗ, зертхана, функционалды  диагностика, сәулелі диагностика).

Назар аударыңыз!

2023 жылғы 1 ақпаннан бастап дәрігерді үйге шақыру және қабылдауға жазылу  төменде көрсетілген көп арналы телефондар бойынша диспетчерлік қызмет арқылы жүргізілетін болады:   76-40-85, 8778 003 70 48

 

                                     

БМСК ұйымына азаматтардың тіркелу тәртібі

·        БМСК ұйымдарына азаматтарды тіркеу дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырылады.

·        Науқан кезеңінде бекітілген халықтың ТМККК* шеңберінде қызмет көрсетілуі келер жылға ТМККК көрсетуге шартты жасасқан жағдайда келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін – ағымдағы жылы бұрынғы тіркелу орны бойынша қызмет көрсетіледі.

·        Емхананың жұмыс істейтін уақытында тіркеу орнына жүгене отырып, бекітілуге өтініш бланкін толтырыңыз(тіркеу орындарында өтініш үлгілері бар)  және өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) болуы тиіс.

·        Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттары болған кезде отбасы мүшелерінің біреуінің еркін нысандағы өтінішінің және отбасы мүшелерінің бекітуге жазбаша келісімінің негізінде отбасы мүшелерін бекітуге жол беріледі.

·        Оларға осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.

*Тегінмедициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

* Бастапқы медициналық-санитарлық көмек

 

Құрметті келушілер!

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек ұсыну жөніндегі үлгілік шарт тіркеудің барлық кезеңінде пациент пен медициналық ұйымның арасында жасалады.

Қол қойылған шарттың бар болуына қарамастан, тіркелген халық үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есептен шығарылғанға дейін сақталады. Мерзімдер бойынша шектеулер жоқ. 2020 жылы шарттарға қол қою бланктердің сатып алуына қарай жалғасады.

Жаңада тіркелген халық үшін шарттар тіркелу учаскесі бойынша жасалады.

2015 жылғы 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында «тіркелу науқаны» бойынша тіркелген халыққа 2016 жылғы                          1 қаңтардан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша қызмет көрсетіледі.

Ескертпе:Шұғыл көрсеткіштермен келген кезде тіркелуіне қарамастан қызмет көрсетілу тегін

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынады:

Өз денсаулығыңызды сақтау үшін скринингтен өтіңіз! ТЕГІН!!!

Скрининг– бұл ауруларды және қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала медициналық тексеруден өткізу. Бұл шаралар емдеу тиімділігін арттыруға және асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.Көшу   

Денсаулық сақтау басқармасының Cаll-орталығының телефоны

109