контакт: 8-(7182)-618744.
адрес: 140000, Казахстан, Павлодар қаласы, Академика Маргулана көшесі 120 ,ОДО.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Құрметті ханымдар мен мырзалар!  

Сіздерді ШЖҚ "Павлодар облыстық диагностикалық орталық" КМК ресми сайтына хош келдіңіздер.   

                 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауына сүйене отырып, адам әлеуеті деңгейін көтерудің басты бағыты – қолжетімді медициналық қызметтің  жоғары және сапалы болуына  негізделеміз.

                Адамзат денсаулығының ынтымақтастық жауапкершілік принциптері – мемлекет саясаты, денсаулық сақтау саласы және халық тұрмысы сияқты басты мәселелер болып табылады.

ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталық» КМКміндеті: 

Медициналық ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін, дәрігерлік ету тәжірибесін қолдана отырып, емделушілер өмірінің сапасын жақсартуға әсер ету.

Мақсаты– емделушілерге қызмет көрсету және клиникалық жұмыстың сапасы бойынша Республикадағы медициналық орталықтардың алдыңғы қатарында болу.

Негізгі міндеттер:

1. Диагностика және емдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсету;

2. Көрсетілетін медициналық қызметтердің жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету;

3. Корпоративтік мәдениет және ұйым мәртебесінің кадрлық стратегиясын қалыптастыру арқылы кадрларды даярлау;

4. Бәсекелестікке қабілеттілігін ескерумен, аталмыш медициналық қызмет көрсетулерді нарық деңгейінде ұстауға мүмкіндік бере отырып, өндірістік шығындарды өтеудің түрлі кіріс жолдарымен қаржылық құралдардың тұрақты және толық мөлшерде түсуін қамтамасыз ету.

Негізгі құндылықтары

1. Біліктілігі жоғары, жан-жақты, қайырымды медицина қызметкерлерінің көмек көрсетуі.

2. Қызметкерлердің әрдайым кәсіби өсуіне және тұлға ретінде қалыптасуына себеп болатын корпоративтік мәдениет құру.

3. Мейірімділік  - әр емделушінің күнделікті қажеттілігін бағалау үшін жоғары сапалы қызмет көрсету.

4. Құрметтеу – емделушілерге деген сыйластық пен ілтипатты сездіру.

5. Тұтастық - атаулы принциптер мен жоғары стандарттарды сақтай отырып, емделушілер мен Павлодар облыстық диагностикалық орталығының  ұжымы арасында жоғары деңгейлі сенім мен тәртіпті сақтау.

ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталығы» КМК жалпы аумағы 7104 шаршы метр өзара бір-бірімен байланысқан үш ғимараттан салынған.

Диагностикалық орталықтың құрамына 7 бөлімшеден тұрады.

Ересектерге кеңес беру бөлімшесі, клиника-диагностикалық зертхана бөлімшесі, функционалды диагностика ,сәулелі диагностика, УДЗ бөлімшесі, эндоскопиялық бөлімше, ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына арналған емханасы бөлімшесінің күндізгі стационары 20 жатын орын, цитоморфологиялық зерттеу бөлімшесі.

 

Штаттық лауазымның жалпы саны 2016 жылы 230,25 штаттық бірлікті құрайды. Оның ішінде дәрігер лауазымы - 60,5; орташа медициналық қызметкерлер – 82, кіші медициналық персонал – 31,25. Ересектерге кеңес беру бөлімшесінде– 19 мамандығы бойынша, ал  балаларға кеңес беру бөлімшесінде – 10 мамандығы бойынша науқастарды қабылдауды жүргізіледі. Кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс белсенді жүреді, 2011-2015 жылдар аралығында 82 дәрігер мен 119 орташа медициналық қызметкерлер оқудан өтті.

Павлодар облыстық диагностикалық орталығында – 2 медицина ғылымының докторы, 1 – медицина ғылымының кандидаты және 11 штаттан тыс мамандар қызмет етеді.

Орталық қуаттылығы бір ауысымда 450 қабылдауға есептелген. Оның ішінде: ересектерге кеңес беру бөлімшесі – 200 қабылдау, балаларға кеңес беру бөлімшесі – 50 қабылдау, ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына арналған емханасы бөлімшесінде – 200 қабылдауға дейін қаранулар болады. Қолданыстағы диагностикалық құрал-жабдық  штаттық бірлік санына есептегенде жылына 400 172 зерттеу жұмысын орындауға мүмкіндік береді. Оның ішінде жылына зертханалық жұмыс  - 430 500 құрайды.

Анықтама үстел телефоны 8(7182)616211, тіркеу номері 8(7182)618744.Телефон бойынша жазылу телефоны 8(7182)660916