контакт: 8(7182) 55255 detstompavl@mail.ru
адрес: Лермонтов көшесі 100/2

Құрметті  Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

БІЗДІҢ МИССИЯ:

   Тұрғындардың денсаулығын жақсарту, ауыз қуыс ауруларын емдеу кезінде жаңа технологияларды енгізу арқылы емделушіге қамқор болу.

БІЗДІҢ МІНДЕТТЕР:

  - стоматологияның заманауи әдістерін қолдана отырып қауіпсіз әрі сапалы еммен қатамасыз ету;

  - емханадағы жұмысты ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін жетілдіру;

 - тұрғындарға көрсетілетін стоматологиялық қызметтердің қолжетімділігін және сапасын жоғарлату.

БІЗДІҢ МАҚСАТ:

   - сапалы стоматологиялық көмек көрсету;

 - балалар арасындағы тіс жегі ауруын алдын алудың заманауи әдістерін енгізу;

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

   - тұрғындардың стоматологиялық саулығы;

 

   - қауіпсіз әрі сапалсы қызмет көрсету.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық стоматологиялық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 1978 жылдан бастап қызмет етіп келеді. 2011 жылдың қараша айында Павлодар облысы әкімінің қаулысымен "Балалар стоматологиялық емханасы" КМҚК-нан "Павлодар облыстық стоматологиялық емханасы" КМҚК-ны болып қайта ұйымдастырылды. Бұл Павлодар облысындағы ересектер мен балаларға көрсетілетін қызметтер түрін кеңейтуге мүмкіндіктер берді.  

Біздің стоматологиялық емхана балалар мен 18-жасқа толмаған жасөспірімдерге кепілдеме көлемінде тегін стоматологиялық көмек көрсететін Павлодар облысындағы ең ірі емдік-диагностикалық мекемелердің бірі. Сондай-ақ кепілдеме көлемінде тегін медициналық көмек санатына кірмейтін қызметтерді ақылы түрде көрсетеді. 

Денсаулық сақтау басқармасы мен білім беру басқармасы бірігіп 2013 жылы 800 астам оқушысы бар 12 мектепте стационарлы стоматологиялық бөлмелер ұйымдастырып, сапалы стоматологиялық көмекпен қамтамасыз етті. Стационарлық стоматологиялық бөлмелер заманауи жабдықтармен жабдықталды, жұмысты бір рет қана қолданылатын құрылғылармен жасайды. Мектептегі стоматолог дәрігердің жұмысына фиссур герметизациясы, тістерді фторлау және санитарлық-ағартушылық сияқты міндетті түрде өткізілетін алдын алу шаралары жатады.

2013 жылдың ақпан айынан бастап амбулаторлы жақ-бет хирургия бөлмесі іске қосылды, бұл бөлмеде облысымыздың ересек тұрғандары шұғыл стоматологиялық көмек алады және стацинарлық емнен кейін бақылауды болады. Осы бөлмеде балалар мен ересектерге амбулаторлы операциялар жасалады. Тұрғындарға шұғыл стоматологиялық көмек көрсету үшін түнгі уақытта, демалыс және мейрам күндері тәулік бойы жұмыс істейтін кезекші бөлме бар. Ауыл тұрғындарына стоматологиялық көмек, бекітілген кестеге сәйкес, жылжымалы стоматологиялық қондырғыларда көрсетіледі. 

Тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында 2010 жылы Усолка шағын ауданында (Майра көшесі, 47-үй) балалар мен ересектер бөлімшесі ашылды. Бұл бөлімше стоматологиялық қызметтің барлық түрін көрсете алады. 

Сау тістер – бұл бақыт! Сіздің стоматологпен әр кездесуіңіз тек жақсы ой мен жағымды эмоция қалдырады  деген үміттеміз. Сол үшін Біз көп еңбектенеміз, талпынамыз. Бізге келіңіз, біз Сіздің кез келген стоматологиялық мәселеңізді шешуге тырысамыз.

Құрметпен, 

емхананың әкімшілігі

 

Байланыстыратын ақпарат:

Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7182) 55 25 51

Лермонтов көшесі, 100/2-үйдегі тіркеу орны: 8 (7182) 55 04 80

Майра көшесі, 47-үйдегі тіркеу орны: 8 (7182) 65 56 53

Ақылы бөлімше: 8 (7182) 51 16 30

Е-mail: Detstompavl@mail.ru