контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

Дұрыс тамақтану мәдениеті

Дата: 2014-04-18 09:52:18
Дұрыс тамақтану мәдениеті

01-10 сәуір аралығында мектептің тамақтануын ұйымдастыру бойынша онкүндік аясында Кенжекөл ауылының жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары үшін   №4 емхананың салауатты өмір салтын үйлестірушісі – Ә.Е. Қасқырбаева ақпараттық-білім беру материалдарын таратумен бірге «Ақылмен тамақтан!» атты тақырыпта дәріс оқыды. Ең маңызды мәселенің бірі – мектеп кезіндегі уақытта оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру болып табылады. Бұл білім беру ұйымы қызметінің маңызды бағытының бірі болып табылады, ол тек оқушылардың денсаулық жағдайын ғана анықтамайды, оқу үрдісінің тиімділігіне де септігін тигізеді.