контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

Онкологиялық ауруларды алдын алу және ерте кезеңде анықтау бойынша онкүндік басталды

Дата: 2015-02-04 10:16:58
Онкологиялық ауруларды алдын алу және ерте кезеңде анықтау бойынша онкүндік басталды

2015 жылғы 03 ақпанда Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күні және онкүндік аясында ПОСӨСҚО ПБХББ-нің дәрігері К.К. Сәкенов біздің емхананың медициналық қызметкерлері үшін «Онкологиялық ауруларды алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбына семинар өткізді.

  Онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау жөніндегі Дүниежүзілік күні мен республикалық онкүндігінің мақсаты — онкопатология ауыртпашылығын төмендетудің ғаламдық мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару, онкологиялық ауруларды алдын алу мен ерте анықтау мәселелері бойынша республика халқының, медицина қызметкерлерінің ақпараттылығын арттыру; халықты скринингтік тексеруден уақытылы өтудің қажеттілігі туралы ақпараттандыру.