контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

Қызылшаны алдын алудың сенімді және тиімді тәсілі – бұл вакцинациялау!

Дата: 2015-02-11 10:42:27
Қызылшаны алдын алудың сенімді және тиімді тәсілі – бұл вакцинациялау!

 

 

Қызылша бұл балалар ауруы деген халықта пікір бар. Бірақта кейінгі кезде қызылшамен жиі ересектер ауырады. Мұның себебі – балалық шақта жасалған екпенің әсері адам есейген сайын әлсірейді де, жұқтырудың қауіп-қатері өсе түседі. Қызылша бұл не? Бұл ауа тамшылары жолдарымен таралатын жіті жұқпалы ауру. Инфекцияның көзі – қызылшамен ауырған науқас. Қызылша – дененің қызумен, мұрынның, көздің, тамақтың шырышты қабықтарының қабынуымен сипатталады және терідегі теңбіл бөртпелердің белгілері байқалады. Бөртпелер 3-5 күннің ішінде ашық түсті дақтар түрінде шыға бастайды, олар өзара тұтасады. Ең алдымен бөртпелер құлақтың артында және маңдайда пайда болады, сосын бетке, мойынға, денеге және аяқтарға тез таралады. Бөртпенің ұсақ қызғылт дақтары үлкен мөлшерлерге дейін тез ұлғаяды, дұрыс пішінді болмайды, кейде бірге тұтасып жатады. Бөртудің таралу кезеңі 2-3 күн, дененің қызуы 40.5° дейін көтерілуі мүмкін. Бөртпе 4-7 күндей болады. Дақтардың орындарында қоңыр бояутектену іздері қалады, 2 аптадан кейін тері таза қалыпқа келеді. Бұл инфекцияның 100% шалдығуға әбден мүмкін, яғни егер адам бұрын қызылшамен ауырмаса және оған қарсы егілмесе, қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған кезде ауруға шалдығуға әбден мүмкін. Сондықтан вакцинациялаудың мерзімін қатаң сақтағаны өте маңызды. Ұлттық екпе егу күнтізбесіне сәйкес екпе егуді міндетті түрде бала 12-15 айда және қайта вакцинациялау 6 жаста (1 сыныпта) болғанда жүргізіледі. 16-28 ақпан аралығында облыста 15-19 жастағы тұлғаларға қызылшаға қарсы иммунизациялау қосымша күндері акциясы өткізіледі. Егер Сіз қызылшамен ауырмасаңыз және Сіз 15 жастан 19 жас аралығында болсаңыз, онда Сізді тіркелу орны бойынша емханада екпе алуға шақырамыз. Вакцинация тегін жүргізеледі. Сіздің қолайлығыңыз үшін №4 емхананың екпе кабинеті 16-28 ақпан аралығында және сенбі күні жұмыс істейтін болады. Біздің мекенжайымыз: Ткачев көшесі, 16 емхананың ересектер корпусы, 2 қабат, №24 кабинет.

Қызылшаны алдын алудың сенімді және тиімді тәсілі – вакцинациялау болып табылады. Қызылшаға қарсы егілген екпе сақтану иммунитеті. Өзіңізді қызылшаны жұқтыру қаупіне душар етпеңіз, екпе жасатыңыз! Біз Сізді күтеміз!