контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

2015 жылғы 08 мамырда ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-да, Кенжекөл ауылының дәрігерлік амбулаториясында және «Усолочка» СҮ-де «Өз қан қысымынды өлше» акциясы өткізілді.

Дата: 2015-05-08 10:27:41
2015 жылғы 08 мамырда ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-да, Кенжекөл ауылының дәрігерлік амбулаториясында  және «Усолочка» СҮ-де «Өз қан қысымынды өлше» акциясы өткізілді.

 

2015 жылғы 08 мамырда Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес аясында №4 емхананың медициналық қызметкерлері мен медициналық колледжінің волонтёрлері «№4 емхананың» ересектер корпусының холында, Кенжекөл ауылының дәрігерлік амбулаториясында және «Усолочка» СҮ-де «Өз қан қысымынды өлше» атты акциясын өткізді. Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күнінің мақсаты: жоғары артериялық қан қысымының себептері мен салдары, жоғары артериялық қан қысымы мен оның асқынуларын алдын алу шаралары, сонымен қатар өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану менеджменті дағдыларына үйрету, емдеуге бейілділігін қалыптастыру бойынша халықтың хабардар болуын арттыру. Акция кезінде әрбір қалаушыға артериялық қан қысымы өлшенді, халықты алдын алу тәсілдері туралы хабардар ету үшін жаднамалар, бүктемелер, кітапшалар таратылды.