контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

2016 ЖЫЛҒЫ 01-10 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА МЕКТЕПТЕРДЕГІ ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ОНКҮНДІК ӨТКІЗІЛДІ.

Дата: 2016-04-26 10:48:46
2016 ЖЫЛҒЫ 01-10 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА МЕКТЕПТЕРДЕГІ ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ОНКҮНДІК ӨТКІЗІЛДІ. IMG_8958IMG_8927IMG_8889IMG_8867IMG_8892IMG_8912 2016 жылы онкүндіктің ұраны: Дұрыс тамақтану – болашақ ұлттың денсаулығы! Онкүндік мақсаты: дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде барлық мүдделі тараптардың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың ақпараттылық деңгейін көтеру, мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету. Емхана қызметкерлері онкүндік ішінде оқушылар арасында ағарту-түсіндірмелі жұмысын жүргізді, аталған тақырыпта барлық ақпараттық-білімдік материалдарын (үнпарақтар, кітапшалар, плакаттар, буклеттер) таратты, біздің емхананың аумағына қарасты мектептерде дәрістер оқыды, сонымен қатар, тренингтер, әңгімелер, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізді.