контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

2016 ЖЫЛҒЫ 24-30 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИММУНИЗАЦИЯЛАУ АПТАЛЫҒЫН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ОНКҮНДІК БАСТАЛДЫ.

Дата: 2016-04-26 11:00:42
2016 ЖЫЛҒЫ 24-30 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИММУНИЗАЦИЯЛАУ АПТАЛЫҒЫН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ОНКҮНДІК БАСТАЛДЫ. IMG_8756IMG_9465IMG_9473IMG_9508IMG_8711IMG_9452 24 - 30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік иммунизациялау апталығына орайлстырылған онкүндік өткізіледі. «Иммунизациялауда кемшілікті жою» ұранымен Дүниежүзілік иммунизациялау апталығы өтеді. 2016 жылы Дүниежүзілік иммунизациялау апталығын өткізудің басты мақсаты -вакцинацияға қатысты қоғамның сенімін, қоғамның денінің саулығы үшін иммундаудың маңызы туралы халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру, халықтың иммунопрофилактикаға сенімді көзқарасын қалыптастыру, халықты, иммунопрофилактиканың қауіпсіздігі, жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қажеттілігі және қоғамды иммундаумен жеткіліксіз қамтудың салдары туралы ақпараттандыру болып табылады. Әлемде вакцинация жұқпалы аурулармен күресуде аса тиімді, үнемді және қолжетімді құрал ретінде танылған. Медициналық ұйымдарда халықты иммундау тегін жүргізіледі. Еуропалық иммунизациялау апталығы шеңберінде халық, оқушылар, жүкті әйелдер арасында ағарту-түсіндірмелі іс-шаралары жүргізіледі, барлық ақпараттық-білімдік материалдары (үнпарақтар, кітапшалар, плакаттар, буклеттер) таратылады, онда вакцинацияның қажеттілігі туралы толық ақпарат берілген.