контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған (28 қыркүйек), қан айналымы жүйесі ауруының алдын алу жөнінде онкүндік.

Дата: 2016-09-21 02:14:31

2016 жылғы 19-28 қыркүйек аралығында 28 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған қан айналымы жүйесі ауруының алдын алу жөнінде онкүндік басталды.

Онкүндік мақсаты: өз денсаулығына ортақ жауапкершілікті, қан айналымы жүйесі ауруларының, олардың асқынуының алдын алу мен ерте анықтау шаралары жөнінде хабардарлықты арттыру; қан айналымы жүйесі ауруының алдын алуға бағытталған мәселелерді шешуге жұмыс берушілердің, бизнес құрылымдардың назарын аудару; жұмыс істейтін адамдар арасында осы бағытта тегіс қамти алатын алдын алу шараларын бастамашылық ету; қан айналымы жүйесі ауруының алдын алуға, соның ішінде артериялық гипертонияға, миокард инфарктісіне және ми қан айналымының жіті бұзылуына бағытталған мәселелерді шешуге жергілікті атқарушы органдардың, БКБ және т.б. назарын аудару.

- ҚАЖ алдын алу бойынша медициналық қызметкерлерге арналған семинарды ұйымдастыру және өткізу.

- Артериялық қан қысымы, дене салмағы, қан глюкозасы, холестерин және т.б. деңгейлерін анықтаумен бейінді мамандарды жұмылдырумен бірге ашық есік күнін өткізу.

- Артериялық гипертония және ишемиялық жүрек ауруының алдын алу бойынша денсаулық мектебінде және мінез-құлық факторларының алдын алу бойынша денсаулық мектебінде мамандардың кеңес берулерімен бірге оқу сабақтарын жүргізу.

- Халық көп шоғырланған орындарда қан айналымы жүйесі ауруының алдын алу, дұрыс тамақтану, жеткілікті дене белсенділігі, шылым шегу мен ішімдіктен бас тарту сияқты салауатты өмір салты жөнінде ақпараттық-білімдік материалдарды тарату.