контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

2016 жылғы 25 қыркүйекте «Еңбек күнін» мерекелеуге арналған «Жас мамандардың еңбек ардагерлерімен кездесу» атты дөңгелек үстел

Дата: 2016-09-26 08:31:57
2016 жылғы 25 қыркүйекте «Еңбек күнін» мерекелеуге арналған                     «Жас мамандардың еңбек ардагерлерімен кездесу» атты дөңгелек үстел IMG_3622

Еңбек күніне (25.09.2016ж.) орай іс-шаралар аясында 2016 жылғы 23 қыркүйекте денсаулық мектебінде жас мамандар үшін травматолог дәрігері – Т.К. Жолдыбаев, медбикелер – Л.А. Шарипова, О.И. Демченко,Т.Х.Танибергенова сияқты еңбек ардагерлерімен (дөңгелек үстел түрінде) кездесу ұйымдастырылды. Онда олар жас мамандарға өз еңбек жолдарын, неліктен дәрігер және медбике мамандығын таңдауы, жұмыс барысында қандай қиыншылықтарға тап болғандары, жұмыс барысындағы есте қалған қызықтар, тәлімгерлері кім болғандығы жайлы айтып берді. Жас мамандар медициналық еңбек ардагерлерінің әңгімелерін қызығушылықпен тыңдап, көптеген сауалдар қойды.