контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

2016 жылғы 10 қазан - Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орайластырылған «Ізгі сөздер қаласы» акциясы.

Дата: 2016-10-10 08:58:54
2016 жылғы 10 қазан - Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орайластырылған «Ізгі сөздер қаласы» акциясы. IMG_4621IMG_4616IMG_4614IMG_4605 IMG_4629IMG_4610IMG_4609IMG_4601 Қоғамдағы психикалық денсаулықты сақтау және нығайтудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында алғашқы рет 10-қазанда «Бар байлығым-ол менің өмірім!» ұранымен Психикалық денсаулық күніне арналған іс-шара өткізіледі. Онкүндіктің мақсаттары мен міндеттері: психикалық денсаулықты қорғау және нығайту бойынша қоғамның назарын аудару, ең алдымен, отбасында және қоғамда өз денсаулығына қатысты жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ психикалық денсаулық дағдыларын сақтау бойынша, оның ішінде: өз-өзіне қол жұмсаудың (суицидтің) алдын алу; білім беру саласында ғана емес, бірінші кезекте жасөспірімдер мен жастар үшін қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасауға ықпал ету.   2016 жылғы 10 қазанда №4 емханада Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған бірнеше іс-шаралар өткізілді: «Ізгі сөздер қаласы» акциясына 50 шақты адам қатысты, олар стендке өзіне, туғандарына және қоршаған айналасына арнап «Бәрі жақсы болады!», «Сен бәрінен күштісің!», «Сенің қолыңнан бәрі келеді!», «Сені табыс күтіп тұр!», «Сен бәрін істей аласың!» сияқты ізгі және көптеген сөздерді жазды; психикалық денсаулықты қорғау бойынша психологтардың, әлеуметтік қызметкерлер мен учаскелік дәрігерлердің кеңес берулерімен ашық есік күні – 67 адам; Болашақ аналар мектебінде психикалық денсаулықты қорғау туралы, сонымен қатар отбасында психологиялық жағымды климатты құру және баланың ата-аналарымен салауатты қарым-қатынасын қалыптастыру жөнінде отбасы институтын жетілдіру туралы сабақтар өткізілді – 10 жүкті әйел қатысты.