
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні, халықтық мереке мейрамы қарсанында Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығында мерекелік іс- шара өтті. Орталықтың қызметкерлері, қазақ, украина, өзбек пен ингуш төрт ұлттың, ұлттық киімдерін киіп, салт дәстүрлерін көрсетіп,түрлі ұлттық тағамдарынан дәм татуға бірін- бірі шақырды. Ингуш ұлттық жас балалар, барлығы білетін, жақсы көретін «Лезгинка» биін биледі. Айтып кету керек, наурыз мейрамына қатысқандар басқа халықтарының ұлттық сал дәстүрлерін, би, тағамдарын көріп қызықтады. Бас дәрігер Гүлнара Кинжитайқызы Сейітқазинова «Наурыз қайырымдылық пен имандылықтың, бірлік пен достықтың ұлы мерекесі. Ол баршамызға жақсылық, ырыс, отбасыңызға баянды бақыт пен құт-береке ала келсін» деген тілегімен барлық қызметкерлерді келген қонақтарды құттықтады