Все
2013 жылғы 1 тоқсанда қызметтің белгілі түрлеріне атқаруға Қосымшалар берілген және қайта ресімделген тұлғалар жөнінде мәлімет2013 жылғы 1 тоқсанда қызметтің белгілі түрлеріне атқаруға Қосымшалар берілген және қайта ресімделген тұлғалар жөнінде мәлімет |
2013-07-09 03:31:04 |
Жүктеу Қарау |
Белгілі қызмет түрлерімен атқаруға Қосымшалар қайта рәсімделген тұлғалар туралы мәліметБелгілі қызмет түрлерімен атқаруға Қосымшалар қайта рәсімделген тұлғалар туралы мәлімет |
2013-07-09 03:28:59 |
Жүктеу Қарау |
Мемлекеттiк қызметтер көрсетудің сапасын бағалау әдiстемесiн бекіту туралы«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 40-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк қызметтер көрсетудің сапасын бағалау әдiстемесi бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Ғ.Ә. Әди), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова): 1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар назарына жеткізсін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурстарына және Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат Министрінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 21 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 02-01-02/6 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7385 тіркелген); 2) «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат Министрінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 21 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 02-01-02/6 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 244 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 8 мамырдағы № 02-01-02/58 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7654 тіркелген). 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сәрсеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері көлік және коммуникация агенттігінің Төрағасы Министрінің міндетін атқарушы ____________А.М. Байменов ______________ Р.В. Скляр |
2013-06-24 13:22:15 |
Жүктеу |
Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 ЖарлығыОрталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бекітілсін. 2. Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін мынадай мемлекеттік органдар айқындалсын: 1) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдар; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар). 3. Бағалау 2010 жылдан басталуы керек пилоттық екі орталық мемлекеттік орган мен облыстың бір жергілікті атқарушы органын қоспағанда, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу 2011 жылдан бастап жүзеге асырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде 2010 жылы бағалауға жататын мемлекеттік органдардың тізбесін бекітсін. 5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне тиісті бағыттар бойынша бағалауға жауапты мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша үш ай мерзімде тиісті қорытындылар дайындауды қамтитын бағалау жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін. 6. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша үш ай мерзімде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының форматын әзірлесін және бекітсін. 7. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі: 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізудің кестесін бекітсін; кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей жүзеге асырсын. 8. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізудің тәртібін әзірлесін және бекітсін. 9. Жергілікті атқарушы органдар 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін. 10. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін кешенді бағалау;»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында: 7-тармақта: «және оның аудиті» деген сөздер алып тасталсын; «Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар» деген сөздер «Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 12. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев |
2013-06-24 13:20:42 |
Жүктеу |
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрі - атқарушы органдар) қызметінің тиімділігін бағалау ережесі бекітілсін. 2. Атқарушы органдар қызметінің тиімділігін тиісті бағыттар бойынша бағалауға жауапты мемлекеттік органдар үш ай мерзімде тиісті қорытындылар дайындауды қамтитын бағалау жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін. 3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы үш ай мерзімде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппаратымен келісім бойынша атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының форматын әзірлесін және бекітсін. 4. Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің аппараттары: 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу кестесін бекітсін; кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізудің алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жүзеге асырсын. 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов |
2013-06-24 13:12:16 |
Жүктеу |
Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы N 1116 Қаулысы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламенті бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырыған нысаны орнатылған, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілген күнінен бастап бір ай мерзімде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оның құзыретіне кіретін әрбір электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жеке электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов |
2013-06-24 12:48:14 |
Жүктеу Қарау |
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралыЕскерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.20 N 745 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
2013-06-24 12:44:18 |
Жүктеу Қарау |
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралыҚазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 2) «Бiлiктiлiк санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 3) «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 4) «Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 5) «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 6) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты; 7) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi түрiн өндiру құқығына бiлiктiлiк беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 8) «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргiзуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов |
2013-06-24 12:41:23 |
Жүктеу Қарау |
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралыҚазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандарты; 2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандарты; 3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) электрондық форматтағы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы дәрігерді (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер) үйге шақыру қызметін ұсынуды регламенттейді. Мемлекеттік қызмет сондай-ақ жеке тұлға немесе оның өкілі уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы көрсетіледі, ол уәкілетті ұйымның тіркеу журналында тіркеледі. 2. Жұмыс кестесі: 1) уәкілетті ұйым – күн сайын дүйсенбіден жұма аралығында үзіліссіз, сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мереке күндері; 2) портал – тәулік бойы. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 433 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 4. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің және «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысының негізінде ұсынылады. 5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 6. Мемлекеттік қызметті алушылар жеке тұлғалар (бұдан әрі – тұтынушы) болып табылады. 7. Мемлекеттік қызмет тұтынушыға: 1) тікелей жүгінген кезде уәкілетті ұйымның ғимаратында; 2) телефон байланысы арқылы; 3) электронды форматта – порталдағы жеке кабинетте көрсетіледі. 8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында: www.mz.gov.kz; 2) уәкілетті ұйымдардың үй-жайларында; 3) порталда; 4) ресми ақпарат көздерінде орналастырылады. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталығының телефоны (1414) арқылы да ұсынылады. 9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері: 1) тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы - уәкілетті ұйымның шақыруды тіркеу журналында жазылу, одан кейін дәрігердің келу күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру; 2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның электрондық-цифрлық қолы қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы анықтама беру (электрондық түрде); 3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу қабылданған соң көрсетілген мерзімде үйде медициналық көмек көрсетіледі. 10. Мемлекеттік қызмет уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы өтініш жасалған күні көрсетіледі. Бұл ретте, мемлекеттік қызметті алуға сұрау салу тұтынушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған (өрт қауіпсіздігі, күтуге арналған демалыс орындары) уәкілетті ұйымда көрсетіліп, уәкілетті ұйымның жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін). Электрондық форматта мемлекеттік қызмет порталға өтініш жасалған күні көрсетіледі. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет алуға сұрау салу уәкілетті ұйымның жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін). |
2013-06-24 11:37:40 |
Жүктеу |
«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 07 желтоқсандағы № 848 бұйрығы. Қазақстан республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8242 тіркелді. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Ақпараттандыру туралы" Заңының 29-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» № 1116 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (Д.С. Есімов): 1) осы бұйрықты Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін; 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің заңды қызмет департаменті (Ж.Ж. Данаева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрі Э.А. Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова |
2013-06-24 11:03:24 |
Жүктеу |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралыРҚАО-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-баптан қараңыз. Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган; 2) «бір терезе» қағидаты – мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысаны; 3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар; 4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар; 5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі; 6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт; 7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт; 8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі; 9) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы – көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат ұсыну жөніндегі жұмысты қамтамасыз ететін ақпараттық-анықтамалық қызмет; 10) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе; 11) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі – жеке тұлғалардың, коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсынымдарды тұжырымдау жөніндегі қызметі; 12) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау – көрсетілетін қызметті алушыларды орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін айқындау жөніндегі қызмет; 13) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау – орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтауын тексеру және мониторингілеу жөніндегі қызмет; 14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган; 15) мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі; 16) мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру – мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ оны көрсету процесінің буындарын қысқартуға, оның ішінде автоматтандыру арқылы қысқартуға бағытталған іс-шара; 17) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган; 18) халыққа қызмет көрсету орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға; 19) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе. |
2013-06-24 10:59:45 |
Жүктеу |
Қажетті құжаттар: < Медицналық қызметке лицензияны алу үшін 1) белгіленген үлгідегі өтініш (нысаны қоса беріліп отыр);Қажетті құжаттар: < Медицналық қызметке лицензияны алу үшін 1) белгіленген үлгідегі өтініш (нысаны қоса беріліп отыр); 2) Жарлық пен заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаларды ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландыру); 3) жеке қызмет түрлерімен айналасу құқығына лицензиялық жинау бюджетіне төленетін төлем құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған); Лицензиялық жинау төлемі аумақтық салық басқармасына 10 АЕК -17310 т мөлшерінде жүргізіледі. 4) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №71 қаулысына сәйкес медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес қажетті құжаттар 1) үй-жайға немесе ғимаратқа меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығын куәландыратын құжаттармен (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған); 2) Нақты біліктілік талаптарының №2–қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұйым басшысымен бекітілген, мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиhаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдардың тізімі; 3) Нақты біліктілік талаптарының №2–қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұйым басшысымен бекітілген, ұйымның штат кестесі мен медициналық ұйымдардың медициналық қызметкерлері туралы мәлімет; 4) мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі (жоғары немесе орта медициналық білім туралы дипломның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған)); 5) мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері (қайта даярлықтан өту туралы куәліктің немесе біліктілік арттырудан өту туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған)); 6) жеке тұлғаларда мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің №34 бабына сәйкес мәлімделетін қызметтің кіші түрлеріне тиісті қызметкердің еңбегін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған)); 7) санитарлық-эпидемиологиялық бейінді мамандарды қоспағанда, тиісті маман сертификаты (біліктілік санаты берілген немесе біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған)); 8) Объектіге санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік органның қорытындысы. Медициналық қызметке лицензияны қайта ресімдеу үшін келесі құжаттар қажет: 1) белгіленген үлгідегі өтініш (нысан қоса беріліп отыр); 2) жеке қызмет түрлерімен айналасу құқығына лицензиялық жинау бюджетіне төленетін төлем құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған) аумақтық салық органына 1 АЕК -1731 тг; 3) лицензия мен лицензия қосымшасының түпнұсқасы; 4) өзгерістерді растайтын құжат (атаудың өзгеруі, қайта тіркелуі және т.б.) 5) №2 қосымшаға сәйкес ұйымның штат кестесі мен медициналық қызметкерлері туралы мәліметтер; Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымша алу үшін келесі құжаттар қажет: 1) белгіленген үлгідегі өтініш (нысан қоса беріліп отыр); 2) лицензия көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған); 3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №71 қаулысына сәйкес медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес қажетті құжаттар 1) үй-жайға немесе ғимаратқа меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығын куәландыратын құжаттармен (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған); 2) Нақты біліктілік талаптарының №2–қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұйым басшысымен бекітілген, мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиhаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдардың тізімі; 3) Нақты біліктілік талаптарының №2–қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұйым басшысымен бекітілген, ұйымның штат кестесі мен медициналық ұйымдардың медициналық қызметкерлері туралы мәлімет; 4) мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі (жоғары немесе орта медициналық білім туралы дипломның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған)); 5) мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері (қайта даярлықтан өту туралы куәліктің немесе біліктілік арттырудан өту туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған)); 6) жеке тұлғаларда мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің №34 бабына сәйкес мәлімделетін қызметтің кіші түрлеріне тиісті қызметкердің еңбегін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған)); 7) санитарлық-эпидемиологиялық бейінді мамандарды қоспағанда, тиісті маман сертификаты (біліктілік санаты берілген немесе біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған)); 8) Объектіге санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындысы. Өтініш нысаны ______________________________________________________________ на (лцензияны берушінің толық атауы) _____________________________________________________________(-дан,-ден, тан,-тен, -нан, -нен) (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері) ӨТІНІШ Сізден____________________________________________________________________ (қызмет түрін және (немесе) қызмет тармақшаларын көрсетіңіз) жүзеге асыруға лицензия және оның қосымшасын беруіңізді (қайта ресімдеуіңізді) сұраймын Мекенжайы:_______________________________________________________________ (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, ____________________________________________________________________ телефон, факс, е-mail) Банк шоты ____________________________________________________ (шот нөмірі,банктің атауы және орналасқан жері) (Өкілдіктің, объектінің, пунктердің, телімдердің) филиалы __________________ (орналасқан жері және деректемелер) Қоса беріліп отырған құжаттар: ______________________ Басшы __________________ ______________________________ (қолы) (аты-жөні) Мөр орны _________________20__ жыл Өтініш 20__жылғы________________ қарастыруға алынды. _______________________________________________________________ (жауапты тұлғаның аты-жөні, қолы) Нысан Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына №1 қосымша Медициналық жабдық, медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиhаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдардың тізімі ________________________________________________ (денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (20___ жылғы«__» ______ жағдай бойынша) № р/с Медициналық жабдық, медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиhаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдардың атауы (төлқұжат бойынша) Өндіруші ел Бірлік өлшемі Шығарылған жыл, жағдай (жұмыс күйінде/ жұмыс істемейтін) Басшы __________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) М.О. Кадр бөлімінің бастығы (кадр жөніндегі маман) _______________ (қолы, Т.Ә.А.) Нысан Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына №2-қосымша Медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері туралы мәліметтер ____________________________________________ (денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (20__ жылғы «___» __________ жағдай бойынша) р/с № Тегі, аты, әкесінің аты Атқарып отырған лауазымы Білімі Мамандығы бойынша өтілі Соңғы бес жылдың ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаты Біліктілік санаты берілмеген және біліктілік санаты берілген маман сертификатының болуы 1 2 3 4 5 6 7 Басшы __________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) М.О. Кадр бөлімінің бастығы (кадр жөніндегі маман) _______________ (қолы, Т.Ә.А.) |
2013-05-03 03:18:25 |
Жүктеу Қарау |