5) статикалық ақпарат – мемлекеттік органның ішкі және сыртқы қызметін бейнелейтін, тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік органның құрылымы, ережесі, бюджеттің игерілуі бойынша ақпарат).
3. Кәсіпорынның интернет-ресурсын пайдаланудың құрылымы, мазмұны мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру мәселесін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды реттейтін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес қалыптастырылады.
4. Кәсіпорынның азаматтарға «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапты орналастыра отырып, басшыға өтініш беру мүмкіндігін беру үшін бірінші басшысының блогы болуы тиіс.
5. Кәсіпорынның интернет-ресурсының ақпараттық көздері тиісті құрылымдық бөлімшелермен мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда ұқсас орыс және басқа тілдерде әзірленген және ұсынылған материалдарды құрайды.
6. Денсаулық сақтау ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар динамикалық және статикалық ақпаратты қамтитын болып бөлінеді.
7. Кәсіпорынның интернет-ресурстарындағы статистикалық ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады.
8. Жаңалықтар хабарламаларынан басқа динамикалық ақпарат жаңа ақпараттың түсуіне қарай, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жаңартылады.
9. Жаңалықтар хабарламалары күн сайын орналастырылады. Жаңалықтар хабарламаларын орналастыру кезінде денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар хабарламалары тақырыптарының сәйкестігі қамтамасыз етіледі. Жаңалықтар хабарламалары мәнін көрсететін қысқа және барынша айқын ұсыныстардан қалыптасады. Жаңалықтар мәтінінде оқиғаның күні, орны, мазмұны, нәтижелері туралы ақпараттың мазмұны қамтамасыз етіледі.
10. Интернет-ресурстың домендік атауы кәсіпорынмен байланысты қысқа есте , жазу және айтуға оңай атаулардан тұрады.
11. Кәсіпорынның ресми сайты ғаламдық Интернет желісінде орналастырылған электрондық жалпы қолжетімді ақпараттық ресурс болып табылады.