Міндетті жариялануға жататын немесе Байқау кеңесіне міндетті жеткізілуі қажет ақпараттың құрамы Емхананың ақпараттық саясаты туралы Ережесімен белгіленеді.
4. Коммерциялық және қызметтік құпияны қорғау жоғарыда аталған мәліметтерді кез келген қабылдауға қолжетімді нысанда коммерциялық және қызметтік құпияға рұқсаты жоқ белгілі немесе белгілі емес тұлғалар арасында жариялануына тыйым салудан тұрады.
Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және ақпарат дереккөздерімен тек қана құқықтары мен мүдделері қозғалып жатқан азаматтар, сондай-ақ осындай ақпаратқа қол жеткізу құқығына ие тұлғалар таныса алады.
5. Коммерциялық құпияны қамтитын құжаттарда, істерде және басылымдарда оларға бөгде тұлғалардың қол жеткізуін болдырмау мақсатында «Құпия» белгісі, қызметтік құпияны қамтитын құжаттарда «Қызмет бабында пайдалану үшін» немесе «ҚБПҮ» белгісі қойылады.
Емхана сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, валюталық-қаржылық және басқа да кәсіпкерлік қатынастарды жүзеге асыру барысында жасалатын шарттарда құпияны сақтау жөніндегі шарттарды қарастырады немесе коммерциялық құпиядан тұратын мәліметтер сипаты, құрамы, сондай-ақ заңнамаға сәйкес оның сақталуын қамтамасыз ету бойынша өзара міндеттер келісілетін бөлек шартқа қол қояды.
6. Емхананың коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясынан тұратын мәліметтерді беру, ашық жариялау қажеттілігін, олардың көлемі, нысаны және жариялану (берілу) уақытын бас дәрігер анықтайды.
7. Келісімдік негізде немесе сенімділік негізінде алынған немесе бірлескен қызметтің нәтижесі болып табылатын мәліметтерді ашық жариялау үшін пайдалану тек қана серіктестердің ортақ келісімімен рұқсат етіледі.
2. Кәсіпорынның коммерциялық және қызметтік құпиясынан
тұратын мәліметтерге қолжетімділік
1. Емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясын құрайтын мәліметтерге бас дәрігер, бас дәрігердің орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, іс қағаздарын жүргізу мен құпия жұмысқа жауапты адам, көрсетілген құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін адам қол жеткізе алады.
Емхананың қалған жұмысшылары коммерциялық немесе қызметтік құпияны қамтитын мәліметтер мен құжаттарға тек өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қажетті көлемде ғана рұқсат алады.
2. Емхана жұмысшысының Емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясынан тұратын мәліметтерге қол жеткізуі ол еңбек шартының ажырамас бөлігі болып табылатын осы мәліметтерді жарияламау туралы құжатқа қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады.
Өзінің қызметтік міндеттері есебінен Емхананың коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясынан тұратын мәліметтерге қол жеткізе алатын қызметкерді, сондай-ақ осындай мәліметтер сеніп тапсырылған қызметкерді Емхананың кадр бөлімі осы Нұсқаулықпен таныстыруы қажет.
3. Емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясын қамтитын құжаттар берілген құжаттарда көрініс тапқан ақпарат құзыретіне жатқызылатын Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде сақталады.
Бір құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне басқа бір құрылымдық бөлімшеде сақталған коммерциялық және/немесе қызметтік құпияға рұқсат беру соңғысының басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.
4. Коммерциялық немесе қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерге рұқсат алған қызметкерлер қолданыстағы заңнамаға, осы Нұсқаулыққа және еңбек шартына сәйкес коммерциялық немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды есепке алу, қолдану, көбейту, сақтау және жою тәртібін сақтауға жеке жауапкершілік алады.
5. Қызметкер жұмысқа қабылданған күннен бастап еңбек шартын бұзғаннан бес жыл өткенге дейін оған жұмыс бойынша таныс болған коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді құпияда сақтауға, осындай мәліметтердің жариялануына алып келуі мүмкін өзге тұлғалардың іс-әрекеттерін тоқтатуға міндетті.
6. Бөгде ұйымдардың қызметкерлеріне осы ұйымдар мен Кәсіпорын арасында құпиялылық туралы келісімшарттар және/немесе шарттар болған жағдайда, олар жұмыс істейтін ұйымдар дәлелді жазбаша сұрау салғанда Кәсіпорынның коммерциялық немесе қызметтік құпиясын қамтитын құжаттармен танысуға және олармен жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін.
3. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
Олардың болуын тексеру.
1. Емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясын қамтитын құжаттар қызмет бөлмелеріндегі олардың физикалық түгелдігін қамтамасыз ететін нық бекітілетін және өртенбейтін сейфтерде, металл шкафтарда (жәшіктерде) сақталуы қажет.
1. Коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын компьютерлер міндетті тәртіпте құпиясөзбен қорғалуы қажет.
2. Коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері олардың сақталуын толық қамтамасыз ету шартымен,орындаушының жеке жауапкершілігінде, тапсырманы орындауға қажет мерзім ішінде оның қолында болуы мүмкін.
3. Қызметкерлерге коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін жұмыс үстелдерінде, желілік принтерлерде және ксерокстерде қалдыруға жол берілмейді.
4. Коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды жоғалтып алу немесе оларда қамтылған мәліметтердің жариялану фактілері туралы құрылымдық бөлімшенің жетекшісіне және іс қағаздарын жүргізуге және құпия жұмысқа жауапты қызметкеріне дереу хабарланады. Бұл ретте аталған тұлғалар құжаттардың жоғалу мән-жайы туралы хабардар етілуі қажет.
5. Коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың жоғалу фактілерін немесе осы материалдардағы мәліметтердің жариялану фактілерін қызметтік тергеу үшін бас дәрігердің бұйрығымен комиссия құрылуы мүмкін. Комиссияның осындай фактілерді тергеу барысында жинаған материалдары мен тергеу нәтижелері туралы комиссия қорытындысы (акт) кінәлі тұлғаларды заңнамамен белгіленген жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады.
6. «Құпия», «Қызмет бабында пайдалану үшін» немесе «ҚБПҮ» белгілері бар құжаттарды қабылдау, есепке алу және олармен жұмыс істеу тәртібі іс қағаздарын жүргізу бойынша Нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.
Осындай құжаттардың болуын тексеруді Емхананың іс қағаздарын жүргізуге және құпия жұмысына жауапты тиісті бөлімшенің қызметкері, жылына бір реттен сирек емес
жүргізеді.
4. Коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді
пайдаланумен байланысты шектеулер
7. Емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясына рұқсаты бар қызметкерлер:
1) оларға орындайтын жұмысына байланысты мәлім болған коммерциялық және қызметтік құпияны сақтауға;
2) осы Нұсқаулықтың, коммерциялық және қызметтік құпияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша басқа да ережелердің, бұйрықтардың талаптарын орындауға;
3) коммерциялық және қызметтік құпия туралы хабардарлығын бәсекелі іс-әрекет нәтижесінде Емханаға нұқсан келтіруі мүмкін қызметпен айналысу үшін қолданбауға;
4) жұмыстан босатылған жағдайда коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны құрайтын мәліметтердің барлық нұсқаларын өзінің тікелей жетекшісіне немесе ол қабылдау-беру актісінде көрсеткен тұлғаға беруге міндетті.
8. Қызметкерлерге:
1) бөгде тұлғалардың немесе берілген мәселелер құзыретіне жатпайтын Емхана қызметкерлерінің көзінше Емхананың коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясының мазмұнына қатысты әңгімелесуге;
2) коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын мәліметтерді басшылықтың тиісті тапсырмасы мен рұқсатынсыз, ашық баспада жариялануға арналған құжаттарда, мақалаларда, сөз сөйлеулерде, сұхбаттарда қолдануға;
3) коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді жеке сұрақтар, шағымдар, өтініштер бойынша
арыздарда жазбаша баяндауға;
4) жеке блокноттарда, қойын дәптерлерде, жеке компьютерлерде коммерциялық құпияны ашатын жазбалар, есептер және т.б. жасауға;
5) тиісті рұқсатсыз коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың көшірмелерін түсіруге;
6) жұмыс үстелдерінде жұмысқа қажет емес коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды жинауға;
7) құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік ететін емхана басшыларының рұқсатынсыз коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды ғимараттардан, кеңселерден алып шығуға;
8) коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын «Құпия», «Қызмет бабында пайдалану үшін» немесе «ҚБПҮ» белгілері бар құжаттар мен басылымдардың және басқа да құжаттардың мәліметтерін жаһандық және жергілікті ақпараттық желілерде орналастыруға тыйым салынады.
5. Жауапкершілік
1. Коммерциялық немесе қызметтік құпияны жариялау немесе заңсыз пайдалану жағдайында қызметкер өзіне тәртіптік, азаматтық-құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да жауапкершілікті алады.
ШЖҚ «Екібастұз қ. № 2 емханасы» КМК коммерциялық және қызметтік құпияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша Нұсқаулыққа Қосымша
Коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер
тізбесі
1. ШЖҚ «Екібастұз қ. № 2 емханасы» КМК (бұдан әрі — Емхана) коммерциялық құпиясын келесі мәліметтер құрайды:
1) Емхана басшылығы мен органдарының өндірістік, коммерциялық, ұйымдастырушылық және басқа да сұрақтар (емхананың органдары мен лауазымды тұлғаларының шешімдері мен олардан келіп шығатын басқа материалдар мен құжаттар) бойынша жеке шешімдерді дайындауы, қабылдауы және орындауы бойынша мәліметтер;
2) Емхананың стратегиялық даму Жоспары бойынша мәліметтер;
3) ресми түрде жарияланбаған инвестиция жоспарлары, нарыққа жаңа тауарларды, өнімдер мен қызметтерді шығару туралы мәліметтер;
4) маркетингтік зерттеулер мен нарықты зерделеу нәтижелері туралы, нарық жағдаятының жай-күйі мен даму болашағын бағалауды қамтитын ақпарат;
5) бастапқы құжаттардың мазмұны, оның ішінде:
− банктік құжаттардың (операциялар бойынша банк шоттары);
− кассалық құжаттардың (ақшалай қаражатты кірістеу мен жұмсау және касса қалдығы);
− Емхана жұмысшыларының жалақысына төлемдердің, материалдық көмектің, сыйлықақының көлемі туралы ақпарат;
6) бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің мазмұны;
7) ішкі бухгалтерлік есептіліктің мазмұны;
8) кредит мекемелеріндегі, басқа да қаржылық ұйымдардағы (банктердегі) ашық есеп айырысу және басқа шоттар туралы, оның ішінде шетел валютасында, осы шоттар бойынша қаражаттың қозғалысы және осы шоттардағы қаражат қалдығы туралы мәліметтер, банктерде бар салымдар туралы мәліметтер, оның ішінде шетел валютасында;
9) қаржылық құжаттар:
− Емхана бюджетінің мазмұны;
− Емхананың даму Жоспарларының (қаржылық-шаруашылық қызметтің жоспарлары) мазмұны;
− серіктестермен есеп айырысу, Емхананың дебиторлық және кредит бойынша берешегі туралы мәліметтер;
− Емхананың ішкі аудит Қызметінің жұмыс жоспары мен есептері (оның ішінде тоқсандық және жылдық);
10) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Емхананың сатып алуға қатысуы үшін ұсыныстар дайындау;
11) белгіленген рәсімге сәйкес, ықтимал жеткізушілерге ашылуға дейінгі Емхананың конкурстық ұсыныстары;
12) отандық және шетелдік мердігерлер, жеткізушілер, контрсеріктестер (контрагенттер), демеушілер, инвесторлар, делдалдар туралы мәліметтер, сондай-ақ олармен өзара қарым-қатынас, олардың қаржылық жай-күйі, келісімшарт шарттары туралы ашық дереккөздерде қамтылмайтын басқа да мәліметтер ;
13) Емханаға келісімдік негізде берілген серіктес ұйымдардың коммерциялық құпиясы (құпиялылық туралы келісімшарт жасалған);
14) іскерлік серіктестермен келіссөздер жүргізуге дайындық пен оның нәтижелері туралы мәліметтер;
15) Емхана жасайтын және жасаған мәмілелер, оның ішінде жасалатын және жасалған шарттар, олардың пәні, мазмұны, бағасы және басқа да маңызды шарттар;
16) Емхананың штаттық кестесі мен штаттық орналастыру;
17) күзеттік сигнал беру жүйесінің тәртібі мен жай-күйі туралы мәліметтер;
18) Емхананың коммерциялық және қызметтік құпиясының қорғалу тәртібі мен жағдайы туралы мәліметтер;
19) ашық дереккөздерде ресми түрде ұсынылғанға дейін медицина мүмкіндіктерінің сапалы жаңа деңгейін анықтайтын медициналық ғылым мен техника саласындағы зияткерлік меншік нысанына, бизнес жүргізудегі ноу-хауға қатысты мәліметтер;
20) Емхананың ақпараттық жүйесі мен қолданылатын ақпараттық қорғау тәсілдері туралы деректер;
2. Емхананың қызметтік құпиясын келесі мәліметтер құрайды:
1) Емхана жұмысшыларының жеке істеріндегі мәліметтер, оның ішінде олардың жеке деректері;
2) Емхана қызметкерлері құрамының сипаты мен беделіне өзінің баға беруі;
3) Емхана актілері (кадрлық, өндірістік бұйрықтар);
4) ведомстволық статистикалық есептілік;
5) Емхана жұмысшыларына еңбекақы төлеу жүйесі туралы мәліметтер;
6) Емхананың кадрлық статистикасы.