Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Дәреже: Павлодар облысы медициналық ұйымдарының басшылары

Айгүл Тұрсынқызы Оспанова

Айгүл Тұрсынқызы Оспанова

«Павлодар облысының балалар туберкулезге қарсы санаторийі» КМҚК бас дәрігері

Айгүл Тұрсынқызы Оспанова Павлодар облысы Баянауыл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген, осы ауылдың орта жалпы білім беру мектебінде 1972 жылдан 1987 жылға дейін білім алды.

1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1988 жылы педиатрия мамандығы бойынша білім алып шықты.

2016 жылы Инновациялық Евразия университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірді, Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.

1988 жылддың 1 тамызынан 1992 жылдың 16 наурызына дейін, педиатрия мамандығы бойынша интернатурадан кейін, № 1 балалар емханасында педиатр дәрігері болып істеді.

1992 жылдың 16 наурызынан бастап 1994 жылдың 31 қаңтарына дейін 1-інші қалалық аурухананың нәрестелер бөлімшесінде неонатолог дәрігері болып жұмыс істеді.

1994 жылдың 31 қаңтарынан 1997 жылдың 20 қаңтарына дейін қалалық перзентханада нәрестелер бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1997 жылдың 20 қаңтарынан 1998 жылдың 1 маусымына дейін Павлодар қаласының облыстық перзентхананың неонатолог дәрігері болды.

1998 жылдың 20 маусымынан 2002 жылдың 1 ақпанына дейін «Павлодар қалалсының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінде ординатор дәрігері болып қызмет жасады.

2006 жылдың 5 шілдесінен 2009 жылдың 1 ақпанына дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің мектеп бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

2009 жылдың 2 қыркүйегінен 2010 жылдың 10 наурызына дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері міндеттерін атқарды.

2010 жылдың 10 наурызынан 14 сәуіріне дейін «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері міндеттерін атқарды. Өткізілген конкурс нәтижесінде, Павлолдар облысы денсаулық сақтау басқармасының № 42-ж бұйрығымен 2010 жылдың 14 сәуірінен бастап «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

2013 жыдың 25 маусымнан 23 қыркүйекке дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері міндеттерін атқарды. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы №285/9 Қаулысы негізінде мекеме атауы «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды, осыған орай мемлекеттік мекеме бас дәрігерінің міндетін атқарушысы болып қайта тағайындалды.

2013 жылғы 27 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері болып қызмет етеді, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігерінің 1 санаты және балалар фтизиатры дәрігерінің біліктілік санатынсыз маман сертификатын бар. Денсаулық саласындағы еңбенк өтілі 29 жыл.

Мукашев Максат Токмухамбетович

Мукашев Максат Токмухамбетович

ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның директоры

Павлодар облысы Май ауданы Май ауылында 1963 жылы 02 қазанда туған.

Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.

Институтты аяқтаған соң 1984 жылы травматология бойынша Павлодар қ. Сұлтанов ат. Облыстық аурухана базасында интернатурадан өтті.

1985 жылғы 07 тамыздан бастап Ермак орталық қалалық аурханасының травматология бөлімшесіне травматолог дәрігер ретінде қабылданды.

1994 жылғы 01 қарашадан бастап травматология бөлімшесінің ординатор аға дәрігері қызметіне ауыстырылды.

2004 жылғы 16 тамыздан бастап Ақсу орталық ауруханнасының травматология бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

2007 жылдан бастап 2010 жыл аралығында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы.

2009 жылдың 30 наурызынан бастап Ақсу орталық ауруханасының бас дәрігері.

2010 жылдың 11 наурызынан Ақсу орталық ауруханасыныңтравматология бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне қабылданды.

2011 жылдың 04 мамырынан бастап «Евразия» МО клиникалық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.

2013 жылдың 20 наурызынан бастап ШЖҚ «Ақсу қаласының емханасы»КМК – ның бас дәрігері.

2013 жылдың 31 қазанынан бастап ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның бас дәрігері.

2015 жылдан бастап ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның директоры.

Травматолог-ортопед дәрігері жоғары санаты бар.

Марапатталған: Қаазақстан Конституциясының 10-жылдығына мерекелік медаль,2005ж., «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі»

төсбелгісі,2007ж., 2001ж. Ақсу қаласының 50-жылдығына мерекелік медаль, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін»төсбелгісі,2011ж., ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына мерекелік медаль,2011ж.Павлодар облысының 75-жылдығы құрметіне мерекелік медаль,2012ж.

Ақсу қалалық мәслихат депутаты.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Дәулетбек Серікұлы Мусин

Дәулетбек Серікұлы Мусин

«Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК бас дәрігері

Дәулетбек Серікұлы Мусин, 1971ж. 16 қыркүйекте Павлодар облысы, Баянаул ауылында дүниеге келді.

1997 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін, “Емдеу ісі” мамандығы бойынша, 2006 жылы — Алматы экономика және статистика академиясын, есептеу және аудит бакалавры, 2016 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін магистратураны бітірді.

Еңбек жолымды 1997 жылы Сұлтанов ат. Облыстық ауруханада невропатолог дәрігері ретінде бастады, 2003жылы Сұлтанов ат. Облыстық аурухананың шұғыл жоспарлы-консультативтік көмек (санитарлық авиация) бөлімшесінің меңгерушісі болып, 2005жылға дейін қызмет етті.

2005 жылы Ақмола облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің емдеу бойынша орынбасары болып тағайындалды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін Павлодар қаласының №2емханасында невропатолог дәрігері болып жұмыс істеді.

2007 жылдан 2010жылға дейін Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің емдеу — алдын алу жұмысын үйлестіру және тұрғындардың репродуктивті денсаулығын қорғау бөлімінің бастығы болды.

2010 жылы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының емдеу — алдын алу бойынша орынбасары болып тағайындалды.

2012 жылғы 25 қазаннан бастап қазіргі кезге дейін «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК бас дәрігері.

«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бірінші санаттағы сертификатым бар, фтизиатр дәрігері.

Үнемі кәсіби деңгейі мен білімімді жетілдіріп отырады. Жұмысында инновациялық технологияларды енгізіп, әріптестеріммен, жас мамандармен тәжірибесімен бөліседі.

Павлодар облысы әкімінің алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен, «Асар» РСП ҚБ «Нұр Отан» ХДП марапатталды7

2015 жылы Қазақстан Республикасында тұрғындардың денсаулығын қорғау ісінде ерекше қызмет үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ұзақ уақыттан бері газеттермен жұмыс істеді: «Звезда прииртышья», «Сарыарқа самалы», олардың беттерінде мақалалары жазылды: «Клапаны здоровья» (маусым 2014 ж.), «Анализ причин развития распространения туберкулеза» (тамыз 2014 ж.), «Сенің денсаулығың-сенің қолыңда» (наурыз 2015 ж.).

Теледидарлық хабарларда «Ирбис» ТК, «Қазақстан — Павлодар», «Хабар», «24 КZ», келесі тақырыптармен белсенді қатысты: «Туберкулезді емдеудің жаңа әдістерін үйрену» (04.08.14 ж.), «Фтизиатриялық қызметтің құрылымын өзгерту туралы» (22.04.14 ж.), «Облыстық ОТҚД жаңа жабдық» (22.05.2015 ж.), «Туберкулездің алдын алу шаралары» (11.02.14ж.), «Туберкулезді емдеудің инновациялық технологиялары» (22.05.15 ж.)

Құсаинова Риза Ниғманқызы

Құсаинова Риза Ниғманқызы

ШЖҚ «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері

1961 жылғы 28 мамырында Новосібір облысы, Чановский ауданы, Чаны станциясында дүниеге келді.

1968 жылы Ертіс № 3 орта мектебіне оқуға түсті, ал 1978 жылы бітірдім.

1979 жылы Семей мемлекеттік университетінің педиатрия факультетіне түсті.

1990 жылдан бастап 1991 жылға дейін Семей қаласында интернатура.

1991 жылдан бастап Ертіс аудандық аурухананың учаскелік педиатры болып жұмыс істеді,

1993 жылы аудандық педиатры болып тағайындалды,

осы лауазымда 1999 жылға дейін қызмет атқарды.

1999 жылдың қараша айында Ертіс аудандық аурухананың аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы ретінде ауыстырылды.

2003 жылдан бастап инфекционист дәрігері ретінде қызмет атқарды, 2012 жылдың қарашасында Ертіс орталық аудандық аурухананың бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары болып тағайындалды.

2014 жылдың қыркүйегінен бастап ШЖҚ «Ертіс ОАА» КМК бас дәрігерінің міндетін атқарды.

2015 жылдың ақпан айында ШЖҚ «Ертіс ОАА» КМК бас дәрігері болып тағайындалды.

Ертіс ОАА бүкіл еңбек жолында бірнеше рет, Ертіс ауданы әкімінің көпжылдық, жемісті және адал еңбегі үшін мақтау қағазымен марапатталды, Павлодар облысы әкімінің Павлодар облысының 75 жылдығына орай мерейтойлық медалімен марапатталды, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық медалімен марапатталды.

Касимова Бақыт Кабидулақызы

Касимова Бақыт Кабидулақызы

ШЖҚ «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері

1965 жылы 19 қыркүйек айында Павлодар қаласында туған.

1982 жылы Екібастұз ауданының Карасук ауылынын орта мектебін тәмамдады.

1982 -1988 жылдарда Семей Мемлекеттік Медициналық Институтында емдеу факултетінде оқыды.

1988 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Петропавл қаласына институтты бітіргеннен кейін интернатураға жіберілді. 1991 жылы акушер-гинеколог мамандығы бойынша интернатураны бітірді. 1992 жылдан 1999 жылға дейін «Экибастузэнерго медицина-санитарлық бөлімініңакушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді.

2000 жылдан 2002 жылға дейін Павлодар қаласының емдеу профилактикалық орталығы «Химиялық зауыт» АҚ акушер гинеколог дәрігері;

2002 жылдан 2003 жылға дейін Ленинск ауылының дәрігерлік амбулаториясында акушер-гинеколог дәрігері;

2003 жылдан 2004 жылға дейін Павлодар қаласының № 1 поликлиникасының акушер –гинеколог дәрігері;

2004 жылдан 2005 жылға дейін Павлодар ауданы әкімдігінің денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы;

2005 жылдан 2008 жылдары Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында бас маман;

2008 жылдан 2010 жылға дейін Павлодар қаласы № 2 Емханасында бас дәрігердің МКСБҚ(медициналық көмектің сапасын басқару қызметі) бойынша орынбасары;

2010 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Щербақты орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс жасайды;

2015жылы — қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена жене денсаулық ұйымы мамандығы бойынша жоғарғы квалификациялық категориясын қорғады;

2015 жылы -Инновациоялық Еуразия университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару магистры академиялық дәрежесі мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Гульназ Макановна Каирбаеваның

Гульназ Макановна Каирбаеваның

«Павлодар ауданының емханасы» КМҚК бас дәрігері

1973 жылы туған, ұлты: қазақ,

Білімі – жоғары

Мамандығы – емдеу ісі

1991-1997ж.ж. Семей қаласының мемлекеттік медициналық академиясы, емдеу факультеті (ЖБ-0015948 үздік диплом)

2004-2006ж.ж. Инновациялық Еуразия университеті, экономика факультеті Павлодар қаласы (ЖББ-0020383 үздік диплом)

2016-2017ж.ж. Инновациялық Еуразия университеті, Менеджмент және бизнес факультеті, Павлодар қаласы. Экономика және бизнес магистрі (Диплом ЖООК-М-0129781)

Г.М. Каирбаева 1997 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын бітіргеннен кейін, еңбек қызметін Павлодар қаласының жедел жәрдем станция дәрігері лауазымынан бастады.

2003-2008 ж.ж. КМҚК «Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы» қабылдау бөлімінің терапевт дәрігері;

2008 ж. — КМҚК «Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы» қабылдау бөлімінің меңгерушісі;

2008-2010 ж.ж. — КМҚК «Павлодар қаласы № 3 емханасы» бас дәрігерінің емдеу — сауықтыру жұмысы бойынша орынбасары;

2010-2014 ж.ж. — КМҚК «Павлодар қаласы № 1 емханасы» бас дәрігерінің емдеу — сауықтыру жұмысы бойынша орынбасары;

05.01.-09.02.2015 ж. – КМҚК «Павлодар ауданының емханасы» бас дәрігерінің міндетін атқарушы;

09.02.2015 ж.- КМҚК «Павлодар ауданының емханасы» бас дәрігері;

2006 жылы Инновациялық Еуразия университетінің «Экономика» мамандығын тәмамдады.

«Қоғамдық денсаулық сақтау. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша 1 біліктілік санаты бар.

Адал еңбегі үшін алғыс хаттары мен мадақтамалары бар:

Аудандық мәслихат депутаты.

Касенова Әсем Төлегенқызы

Касенова Әсем Төлегенқызы

«Павлодар облыстық паллиативтік көмек ауруханасы» КМҚК бас дәрігері

Асем Толенгенқызы Касенова 13 тамызда 1974 жылы мұғалімдер отбасында дүниеге келді, тұрмыста, екі қыз тәрбиелеп отыр. 1994ж.-2000 ж. Ақмола мемлекеттік академиясы, мамандығы бойынша дәрігер-педиатр, жалпы практиканы бітірді. 2001 ж. — 2002 ж. дәрігер КМҚК «Ертіс ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы» жұмысын атқарды, 2002ж-2006ж. «Солярис» Хосписта дәрігер мамандығы болып жұмыс істеді, 2006-2008ж.ж. Павлодар қ., дәрігер бактериолог ММ «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» жұмыс атқарды. 2009-2014ж.ж. Павлодар қ., СЭОО «Солярис» директор болып қызмет атқарды,»КМҚК Павлодар облысының паллиативтік көмек» ауруханасында 2016 жылдан бастан бас дәрігер қызметтің атқарады

Кабылтаев Садибек Жанбиртаевич

Кабылтаев Садибек Жанбиртаевич

ШЖҚ «Екібастұз қаласының №2 емханасы» КМК бас дәрігері

1964 жылы 28 қаңтарда Павлодар облысы Екібастұз ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

1980 жылы Павлодар қаласының мектеп интернатының 10 классын аяқтады және сол жылы Семей медициналық институтына түсіп, оны 1986 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. 1986 мен 1987 жылдар аралығында Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өткеннен кейін осы ауруханаға травмпункт травматолог дәрігері болып жұмысқа қабылданды.

1988 жылғы қаңтар айы мен 1998 жылғы маусым айы аралығында Екібастұз қ. қалалық ауруханасының балалар хирургиялық бөлімшесінде хирург дәрігері болып еңбек етті.

1998 жылғы маусым айы мен 2007 жылғы мамыр айы аралығында Екібастұз қ. № 2 емханасы бас дәрігері лауазымын атқарды; 2007 жылғы мамыр айынан бастап 2014 жылғы қараша айына дейін Екібастұз қ. №1 емханасы бас дәрігері лауазымына ауыстырылды; 2014 жылғы 17 қарашадан бастап Екібастұз қ. №2 емханасы бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

2015 жылы академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.

Ақырғы бес жыл ішінде келесі циклдар бойынша біліктілігін жоғарылатты:

2017 жылғы 29 мамыр мен 02 маусым аралығында – «Нысанның кешенді қауіпсіздігі» «ҚазМЗУ Университеті» АҚ-да

2016 жылғы 01.09. бен 2016 жылғы 29.09. аралығында — «Денсаулық сақтау менеджменті» 216 сағ. ПФ ММУ Семей қ.

2016 жылғы 04.28. мен 04.30. аралығында «ҚР еңбек заңнамаларының өзекті мәселелері» 18 сағ. Астана Өрлеу

2014ж.02.12. мен 2014ж.12.12. аралығында «Денсаулық сақтау мекемелерінің ТЖ дайындығы және тәуекелдерді басқару» ҚазМУНО 108 сағ.

2014ж.10.20.мен 2014ж.10.24. аралығында «Жан басына шаққандағы кешенді норматив бойынша қаржыландыру жағдайында амбулаториялық-емханалық ұйымды басқару ерекшеліктері » АГИУВ филиалы, Астана қаласы 54 сағ.

2013ж.09.02 мен 2013ж.12. аралығында «Денсаулық сақтау менеджменті» қайта даярлықтан өтті 864 сағ. ПФ ММУ Семей қ.

2012ж.09.03 пен 2012ж.12.21.аралығында «Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымы»- қайта даярлықтан өтті 864 сағ. РМК «ДДРО» Астана қ.

Адал еңбегі үшін грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Казбеков Байбллат Казбекұлы

Казбеков Байбллат Казбекұлы

«Май орталық аудандық ауруханасы» КМҚК бас дәрігері

1960 жылы 27 сәуірде Павлодар облысы Май ауданы майтүбек ауылында туған. 1983 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтын бітірді. Институты бітіргеннен кейін Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өтті.

1983-1988 жылдары Май орталық аудандық ауруханада хирург болып қызмет жасады. 1988-1991 жылдар аралығында «Строитель» медсанчаста хирург болып жұмыс жасады. 1991-1993 жылдары Алматы қаласында Кл және ЭХ ғлыми зерттеу институтында клиникалық ординатурадан өтті. 1998-2000 жылдар аралығында Султанов атындағы облыстық ауруханасының емханасысы бойынша ба дәрігердің орынбасары лауазымында қызмет етті.

2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Май орталық аудандық аурухана КМК ШЖҚ» бас дәрігері.

Негізгі квалификациясы- хирург- дәрігер, хирургия және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары квалификациялық санаты бар, медицина ғылымының кандидаты. Хирургия бойынша ашқан жаңалықтары және ғылыми еңбектері бар. Білімін үнемі жетілдіріп тұрады, теоретикалық білім мен практикалық дағдысы бар.

Еңселі еңбегі үшін алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. 2005 жылы «ҚР Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медалімен, 2014 жылы «Невада- Семей Антиядролық қозғалысына 25 жыл» мерекелік медалімен наградтталды.

Кабулов Каирлы Сартаевич

Кабулов Каирлы Сартаевич

«Павлодар қаласының №3 емханансы» КМҚК бас дәрігері

Туған жылы: 29.10.1966 ж.

Жасы: 50 жас

Отбасылық жағдайы: үйленген

Еңбек өтілі: 23 жыл 4 ай.

Жынысы: ер

Білімі: жоғары — медициналық

1984 жылдың қыркүйегі – 1992 жылдың маусымы–«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медицина институтындағы оқу.

2005 ж. ақпан – 2005 ж. желтоқсан – «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджер» Алматы қ. ҚДЖМ.

2017 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді-Инновациялық Евразия университеті.

Еңбек қызметі:

1992 жылдан 1993 жыл аралығы –Павлодар қаласындағы Павлодар облыстық ауруханасының терапевт-дәрігері.

1993-2001 ж.ж. — Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Спартак учаскелік ауруханасының бас дәрігері.

05.2001–10.2001 ж.ж.. — Павлодар қ. «Гиппократ» МО ЖШС-нің атқарушы директоры

2001–2002 ж.ж. -Павлодар қаласындағы «Павлодар облыстық бейімдеу орталығы» ММ-нің терапевт-дәрігері.

2002–2006 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ-нің Лицензиялау және дәрімен қамсыздандыру бөлімінің бас маманы

02.2006–10.2006 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ-нің Мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы.

2006 – 2007 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем және инновациялық технологиялар бөлімінің басшысы

2007-2010 ж.ж. -. «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» ММ-де бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары

2010-2012 ж.ж. — «Ақсу қаласынын емханасы» ККМК-нің бас дәрігері

2012-2013 ж.ж. — ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК-нің бас дәрігері

2013-2015 ж.ж. — ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК-нің директоры

2015-2016 ж.ж. ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталығы» КМК-нің бас дәрігері

2016 ж. шілде– қ/к дейін — ШХҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК-ның бас дәрігері

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы жоғары біліктілік категориясы бар.

Марапаттар:

«Қазақстан Республикасының тәуелсізідігіне 20 жыл» мерекелік медалі, 2011 ж.;

«Ақсу қаласына 50 жыл» төсбелгісі-2011 ж.;

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі-2014 ж.;

Жапарбеков Айтқазы Нұрғазыұлы

Жапарбеков Айтқазы Нұрғазыұлы

ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігері

«Павлодар қаласының №5 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері

Білімі — жоғары.

1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтаған, емдеу дәрігері біліктілігі тағайындалған. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, Бакалавр академиялық дәрежесі бар менеджер біліктілігі тағайындалған. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда-саттық унисерситеті Астана қ.- экономика және бизнес магистрі 2016 ж.

Біліктілікті арттыру курстарын өткен:

2010ж. «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері», 234с.

2012ж. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды тиімді басқару», 54с.

2012ж. «Денсаулық сақтау менеджменті. Кадрлық ресурстарды басқару», 54с.

2016ж. «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері», 216 с.

Қызмет еткен жылдарында мынадай наградалар берілді:

Железин ауданы әкімінің мақтау қағазы,

ҚР Президентінің алғыс хаты,

Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының мақтау қағазы, 2005ж.

Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің кәсіподақ облыстық филиалы төрағасының мақтау қағазы, 2010ж.

«Павлодар облысына 75 жыл» медалімен марапатталған, 2012ж.

ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған;

«Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, 2014ж.

Жұмыс тәжірибесі :

1994-1997жж. — Екібастұз қаласының тубдиспансерінде фтизиатр-дәрігер қызметін атқарған;

1998-2001жж. — Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансер, фтизиатр-дәрігер;

2001-2003жж. — «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМКК, медикаментозды түзеу бөлімінің меңгерушісі;

2003-2006жж. — Железин ОАА МҚКК бас дәрігері;

2006-2008жж. — Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының АМСК пен инновациялық технологиялар жөніндегі орынбасары;

2008-2015жж. — «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталық» ММ-нің бас дәрігері;

2015 ж. қазіргі уақытқа дейін «Павлодар қаласының №5 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері.

Кахан Орынбекұлы Иманбеков

Кахан Орынбекұлы Иманбеков

«Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері» КМҚК бас дәрігері

1973 жылдың 1қаңтарында Алматы қаласында дүниеге келді.

Мектепті бітіргенен кейін 1989 жылдың 15.09. — 1990 ж. 12.09. аралығында еңбек жолын ҚОКА зарарсыздандыру бөлімі санитары қызметінен бастады.

1990 жылдың 04.08. Алматы мемлекеттік медициналық институтының педиатр факультетіне түсіп, 1996 жылдың 01.07.бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін Алматы қ. «Сұңқар» медициналық орталығына педиатр дәрігері қызметіне қабылданған.

Біліктілігін қайта өзгеруіне байланысты және психотерапевт-нарколог дәрігері біліктілігін игергеннен кейін 1997жылдың 30.12«Сұңқар» медициналық орталығының нарколог-психотерапевт дәрігері.

2002 ж. 03.05. «Тау Сұңқар» медициналық орталығында нарколог-психиатр дәрігері.

2004 жылдың 08.08.-нен — 2008жылдың 12.12. аралығында «Тау Сұңқар» ЖШС-гі медициналық орталығында экономика мәселесі бойынша директордың орынбасары.

2009 жылдың 06. қаңтарынан бастап 2009 жылдың 12 тамыз аралығында – Астана қ. «Психикалық денсаулық мәселелерінің медициналық орталығы»ММ ұсынылатын медициналық қызметтер сапасын бақылау бойынша орынбасары.

2009ж. 13 тамызынан бастап Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерінің» бас дәрігері етіп тағайындалған. 2008 жылы Алматы қ., Экономика және құқық академиясына оқуға түсіп 2010 ж. 21.06. «финансы» мамандығын оқып бітірді.

Мамандық бойынша жалпы өтілі: 21 жыл, атқаратын қызметі бойынша өтілімі 8 жыл.

«Денсаулық сақтаудың ұйымдастырушы дәрігері» мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санаттағы сертификаты — 2015ж.21.08., «Психиатр дәрігері» мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санаттағы сертификаты — 2016ж. 19.05., «Сот психологиялық-психиатриялық сараптама» мамандығы бойынша біліктілік сертификаты бар. Медицина ғылымдарының кандидаты (ҚР білім және ғылым Министрлігі саласында бақылау бойынша Комитетінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №3 хаттамасы).

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психиатры болып табылады.

бiрiншiсi 1 2 3 соңғысы