Дәреже: Павлодар облысы медициналық ұйымдарының басшылары

Жанат Кұттұмбетқызы Есімова

Жанат Кұттұмбетқызы Есімова

«Павлодар облыстық тіс емханасы» КМҚК бас дәрігері

1965 жылы 06 мамырда Павлодар облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Павлодар педагогикалық институты, Семей мемлекеттік медициналық академиясы.

Жанат Кұттұмбетқызы – жоғары санатты «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» дәрігері, аккредитталған тәуелсіз сарапшы, «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас стоматолог-дәрігері, тәжірибелі, жұмыс өтілі мол, жоғары санатты стоматолог дәрігер, шыдамдылығы, жасампаздығы, талпынысы мол, жоғары кәсіпқой, заманауи басшы.

Жанат Кұттұмбетқызының басшылығымен сапалы стоматологиялық қызмет көрсету бойынша мақсатты тиімді жұмыстар іске асырылып жатыр.

Жанат Кұттұмбетқызы емханада жұмыс істеу үшін оңтайлы шешім қабылдайды, емхананың материалды-техникалық базасын жақсартып, балалар мен ересектерге сапалы стоматологиялық көмек көрсету үшін инновациялық технологияларды енгізумен айналысады. Әлеуметтік серіктестікті кеңейту жөнінде тиімді шараларды жүзеге асырып отыр.

Біліктігін арттыру курстарына қатыса отырып, өзінің кәсіби шеберлігін жоғарлатуға үнемі тырысады, халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық семинарларға, конференцияларға белсене қатысады.

Тіс жегін алдын алу бойынша іс-шараларды танып-білуге және оны істеуге қатысады. 110 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 15-і халықаралық маңызы бар шығарылымдар. Тісті емдеу стоматологиясы аясындағы патенттері (2012ж. 17 ақпандағы №25530, 2012ж. 02 тамыздағы №26038, 2012ж. 25 желтоқсандағы №26557, 2013ж. 18 желтоқсандағы №27861) және стоматология аясындағы авторлық өнертапқыштары (2013ж. 17 қазандағы №84434, №84432, №84825) бар.

Жанат Кұттұмбетқызы құралдармен тексеру әдістерін жетік меңгерген. Оның басшылығымен заманауи және дәл диагностика жүргізіледі. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Стоматология қызметінің үздігі», «За заслуги в медицинской сфере», «Почетный гражданин Евразийского Союза Государств» төс белгілерімен бірнеше рет марапатталған .

Жанат Кұттұмбетқызы басқарып отырған емхана 2016 жылы «Лучшее предприятие Республики Казахстан» атанған. Осы көрсеткіш ең үздік көрсеткіштердің бірі және ол «Лидер отрасли» ұлттық сертификатымен, медалімен расталған.

Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға ықпал еткені үшін, емхана қызметінің даму көрсеткіштері жоғары болғаны бойынша 2016 жылы «ГОРДОСТЬ МЕДИЦИНЫ» мәртебесін иеленген және «ВЕЛИКОЕ НАСЛЕДИЕ ГИППОКРАТА» медалін алған.

Жанат Кұттұмбетқызының басшылығымен емхананың қызметкерлері облыстық конкурстарға, жарыстарға белсене қатысып, «сборная Стоматология» командасы Облыстық турслетте (1 орынды), волейболдан ерлер құрамы командасы (1 орынды), кіші-футболдан өткен облыстық спартакиадада (2 орынды) иеленген.

Павлодар облысының стоматологиялық қызметі жоғарғы бағаға ие. Кепілдеме көлемінде тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде 18-жасқа дейінгі барлық балалар, жүкті әйелдер және мүгедектер қамтамасыз етілген. 800 астам оқушысы бар барлық мектептерде стационарлы стоматологиялық бөлмелер ашылып, ол жерде оқушылар ауыз қуысын жоспарлы түрде сауықтыра алады. Туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек көрсетілді. Шалғай ауыл тұрғындарына жылжымалы стоматологиялық қондырғыда стоматологиялық көмек көрсетіліп отыр. Медициналық колледжпен орнатылған тығыз байланыс профилактикалық іс-шараларға оқушыларды қатыстыруға мүмкіндік береді. Емхана заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Марапаттамалары:

2001ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасы

2007ж. – Павлодар қаласы мәслихатының Құрмет грамотасы.

2011ж. – Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасы.

2012ж. – ҚР Денсаулық сақтау Министерлігінің Алғыс хаты.

2013ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасы.

2014ж. — «Отличник стоматологической службы» төс белігісі.

2014ж. – ҚР Денсаулық сақтау министерлігің Алғыс хаты.

2014ж.- «ЕКАС» ОО Прездинетінің грамотасы.

2014ж.- ДККМФД басшысының Алғыс хаты.

2015ж. — «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі.

2015ж. – «БО-НА» ЖШС-ы директорының Алғыс хаты.

2016ж. — «За заслуги в медицинской сфере» ордені.

2016ж. — «Почетный гражданин Евразийского Союза Государств» төс ордені мен Құрмет грамотасы.

2017ж. — №23 ЖОББ мектеп директорының Алғыс хаты.

Ахметов Мәрлен Нариманұлы

Ахметов Мәрлен Нариманұлы

ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 ауруханасы” КМК бас дәрігері

1968 жылғы шілденің 01 жұлдызында Павлодар қаласында дүниеге келді, ұлты қазақ.

1985 жылы Павлодар қаласының № 4 мектебін бітірді, сол мектепті бітіргеннен соң 1985 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының “емдеу ісі” мамандығы бойынша институтқа түсіп, 1991 аяқтады.

1991 жыл мен 1992 жыл аралығында Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында “терапия ” мамандығы бойынша интернатурадан өтті, интернатураны бітіргеннен кейін, 1992 жылдан 2002 жылға дейін №1 қалалық ауруханасының нефрология және созылмалы гемодиализ бөлімшесінде дәрігер-ординатор қызметін атқарды.

2002 жылдан 2004 жылғы дейін Г. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасының терапевтік бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2004 жылы Г.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу қызметі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2009 жылғы 13 қаңтарда “Павлодар қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” КМҚК бас дәрігерігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, ал осы жылдың 24 ақпанынан бастап конкурстық негізде “Павлодар қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” КМҚК бас дәрігерігері болып тағайындалды және аталған кәсіпорында қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді, 2013 жылы Павлодар қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” КМҚК атауы ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК болып өзгертілді.

Үнемі кәсіби деңгейін жетілдірумен шұғылданады, төмендегідей біліктілікті жетілдіру курыстарын бітіріп, сертификаттарға ие болды:

Бұратаева Гүлнар Бағдатқызы

Бұратаева Гүлнар Бағдатқызы

ШЖҚ «Екібастұз қаласының перзентханасы» КМК бас дәрігері

1966 жылдың 01 қаңтарында Семей облысы, Аякөз қаласында, қызметшілер отбасында дүниеге келді.

Орта мектепті аяқтаған соң, Семей мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1990 жылы емдеуші дәрігер біліктілігін берілумен емдеу ісі мамандығын аяқтады.

— 1990 жылдан бастап 1991 жылға дейін Екібастұз қаласындағы перзентханада акушерия мен гинекология бойынша интернатурадан өтті;

— 1991жылдан бастап 1993жылға дейін «ПТЗ » ӨҚ-ның медсанитарлық бөлімінде акушер- гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;

— 1993 жылдан бастап 1998 жылға дейін Павлодар қаласындағы, 1-ші қалалық аурахананың акушерлік- обсервационды бөлімінде акушер- гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;

— 1998 жылдан бастап 2003 жылға дейін Павлодар қаласындағы облыстық перзентханада акушер-гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;

— 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Облыстық перинатальдық орталығы» МККК-да бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді;

— 2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін Павлодар облыстық перзентханада акушер- гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;

— 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін ШЖҚ «№1-ші Павлодар облыстық перинатальдық орталығы » КМК-да бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушысы болып жұмыс істеді;

— 2012 жылдан бастап 2016 жылдың 21 қаңтарына дейін ШЖҚ «№1-ші Павлодар облыстық перинатальдық орталығы » КМК-да бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді;

— 2016 жылдың 22 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 29 наурызына дейін ШЖҚ « Екібастұз перзентханасы» КМК-да бас дәрігердің міндетін атқарушысы болып жұмыс істеді;

— 2016 жылдың 30 наурызынан бастап осы күнге дейін ШЖҚ « Екібастұз перзентханасы» КМК-ның бас дәрігердің лауазымын атқарып келеді;

«Акушерия және гинекология » мамандығы бойынша Жоғары біліктілік санат берілумен куәлігім және « Жалпы денсаулық сақтау / әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру » мамандығы бойынша Жоғары біліктілік санат берілумен маман сертификатым бар.

2017 жылы Инновациялық Евразиялық университетінің Менеджмент мамандығы магистратураны аяқтады.

Еңбек қызметімдегі жылдары « Өмір сыйлайтын алтын алақан», номинациясының сыйлығымен, перинаталдық орталық басшысының, денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімінің алғыс хаттарымен, құрметті грамоталармен марапатталдым.

Акушерия және гинекология бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама өткізу құқығына екі рет аккредителді.

Дюржанов Әділ Әділбекұлы

Дюржанов Әділ Әділбекұлы

ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» КМК бас дәрігердің м.а.

1981 жылы Павлодар қаласында туды. Ұлты – қазақ.

2006 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семипалатинск мемлекеттік медициналық академиясын үздік бітірдім. 2007 жылы «Хирургия» мамандығы бойынша ойдағыдай интернатураны аяқтады.

2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Жүрек-тамыр хирургиясы» мамандығы бойынша А.Н. Бакулев атындағы жүрек-тамыр хирургиясы ғылыми орталығының клиникалық ординатурасында дайындықтан өтті.

27.08.2009 ж.-24.01.2013 ж. – жүрек-қантамыр хирург дәрігері, «№2 Павлодар қалалық аурухана»;

24.01.2013 ж.-15.07.2013 ж. – кардиохирург дәрігері, ШЖҚ «Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталық» РМК;

15.07.2013 ж.-02.12.2014 ж. – осы орталықтың директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары;

03.12.2014ж.-24.02.2015ж. – кардиохирург дәрігері, ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарының міндеттері жүктелуімен;

25.02.2015 ж.-01.06.2015 ж. – осы орталықтың директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалдым;

02.06.2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК кардиохирургиялық клиникасының бас дәрігері (директордың орынбасары).

12.09.2017 ж. бастап ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМКдиректорының міндеттерін атқарады.

Қазақстанда ғана емес, таяу және алыс шетелде (Израиль, Италия, Нидерланды, Австрия) әртүрлі конференциялар, съездер, симпозиумдар, семинарларға бірнеше рет қатыстым. Кардиохирургия және эндоваскулярлы хирургия бағыттары бойынша шеберлік-сыныптарды ұйымдастырдым және қатыстым.

Ғылыми-клиникалық журналдарда және медициналық басылымдарда мақалалар мен тезистерімнің жарияланымдары бар.

А.Н. Бакулев атындағы жүрек-тамыр хирургиясы ғылыми орталығының ізденушісі бола тұра, «Жүрек-тамыр отадан соң отадан кейінгі хилотораксты емдеудің нәтижелері» тақырыбы бойынша диссертацияны ойдағыдай қорғадым және 2013 жылғы 8 ақпанда медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алдым.

2012 жылы Павлодар облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас кардиохирургі болып тағайындалдым.

2013 жылдың 22 қарашасында «Кардиохирургия» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты берілді.

Қоғамдық жұмысты орындай отыра, «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымының төрағасымын.

«Жылдың ұйымдастырушы дәрігері» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталдым, 2012ж.;

Медицина қызметкерлері күніне орай Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Облыстық кәсіподақ филиалының Құрмет грамотасымен марапатталдым,2012 жыл;

Медицина қызметкерлері күніне орай Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Облыстық кәсіподақ филиалының Құрмет грамотасымен марапатталдым,2013 жыл;

«2015 жылдың маманы» Ұлттық сертификатымен наградталдым;

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ПҚФ «Нұр Отан» партиясының Алғысын алдым, 2016 жыл;

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталдым, 2016 жыл;

Тұңғыш Президент күніне орай ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК Алғыс хатымен марапатталдым, 2016 жыл.

Отбасылық жағдайы: үйленген, үш баланы тәрбиелеуде

Қанадан Қанашұлы Ахметжанов

Қанадан Қанашұлы Ахметжанов

ШЖҚ «Павлодар облыстық Павлодар қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК бас дәрігері

1961 жыл, 29 наурыз Павлодар облысы, Ленин кентінде туды.

1978-1988жж. Семей мемлекеттік медициналық институты, «Емдеу ісі» мамандығы, дәрігер-емдеуші біліктілігі берілді.

Денсаулық сақтаудың жоғары санатты дәрігер ұйымдастырушысы.

Екінші жоғарғы білімі: Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті, «Экономика» мамандығы, академиялық дәрежесімен бакалавр-экономист біліктілігі берілді.

1988 қыркүйек-1990 қыркүйек. Аспирантура (БҒХО) ССРО медицина ғылымдары Академиясының Бүкілодақтық ғылыми хирургия орталығы, Мәскеу қаласы.

1991ж. наурыз-1993ж. қазан. ДЖФ төтенше жағдайлар және қауырт медициналық көмек курсының ассистенті. Павлодар қаласы.

1994ж.қаңтар-1997ж. қыркүйек. ДЖФ катастрофа медицинасы курсының меңгерушісі. Павлодар қаласы.

1997ж.қыркүйек-2009ж.15 наурызы. «Қазақстан Алюминийі» АҚ медициналық орталығының бас дәрігері. Павлодар қаласы.

2010ж.12 наурызынан бастап-2010ж. 17 мамыры. Павлодар қаласының № 4 емханасының бас дәрігері.

2010ж.17 мамырынан бастап -ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК бас дәрігері.

2010ж.15 қыркүйегінен бастап,Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем көрсету жөніндегі штаттан тыс бас маманы.

Оқу дәрежесі бар: медицина ғылымының кандитаты,ВНЦХ Мәскеу қ, 1990 жыл, 11 ғылыми басылымдар.

Мемлекеттік наградалар: «Құрмет» Ордені.

Ведомстволық наградалар:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық іс-қимылын бақылау Комитетінің «Алғыс хаты», Астана қаласы- 2010 жыл.

Павлодар облысының денсаулық сақтау Басқармасының құрмет грамотасы 2011 жылғы 25.03-нен №169-Ө бұйрығы.

Павлодар қалалық Мәслихатының құрмет грамотасы, 2011 жылғы 21.18 наурыздағы өкімі.

Павлодар облысының Әкімі «Алғыс хаты» 2012 жыл.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық іс-қимылын бақылау Комитетінің «Алғыс хаты», Астана қаласы.

2017 жылғы 16 маусым Астана қаласында «2017 жылдың үздік денсаулық сақтау менеджері- ұйымдастырушысы» номинациясын бойынша дипломы.

Денсаулық сақтаудағы жұмыс өтілімі 27 жыл, басшылық лауазымында -15 жыл.

Үйленгенмін.Екі қызым бар

Ғалымжан Олжабайұлы Амиркенов

Ғалымжан Олжабайұлы Амиркенов

Екібастұз қаласындағы №1 емхананың бас дәрігері

1986 жылңы 17 шілдеде Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Коминтерн ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келді. Орта мектепті тәмамдаған соң «Педиатрия» мамандығы бойынша Семей қаласының мемлекеттік медициналық академиясына түсті. 2011 жылы Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті «Жалпы тәжірибе дәрігері» мамандығы бойынша интернатураны аяқтады.

2012-2013 жылдар аралығында Павлодар қаласы №1 Емханасының жалпы тәжірибе дәрігері болып жұмыс істеді, 2012 жылы жарақатты емдеуші-ортопед дәрігері қызметіне ауыстырылды.

2013-2014 жылдары Павлодар қаласы №3 Емханасының аудит бойынша бас дәрігерінің орынбасары болды.

2014 — 2016 жылдары «ASK.MED» ЖШС бас дәрігері болып еңбек етті.

2016 жылғы шілде айында Павлодар қаласы №3 Емханасының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2016 жылғы 23 қыркүйекте емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды.

2013 жылы экономика және бизнес бакалавры атты академиялық дәреженің берілуімен, Алматының экономика және статистика академиясының сырттай бөлімін бітірді.

2016 жылы Инновациялық Еуразиялық университетте экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.

2016 жылы Прага қаласында (Чехия) «Innovative and justainable healthcare management» тақырыбы бойынша тағлымдамадан өтті.

«Жарақатты емдеу-ортопедия» (ересектер, балалар) мамандығы бойынша (камбустиология) екінші біліктілік санатының берілуі туралы куәлігі және «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілік санатының берілмеуінсіз маман сертификаты бар

Арынов Серикжан Арынович

Арынов Серикжан Арынович

ШЖҚ «Баянауыл орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері

Туған жылы: 27 қазан 1974 жылы. Туған жері: Қарағанды қаласы. Отбасылық жағдайы: үйленген, 2 баласы бар. ШЖҚ «Баянауыл орталық аудандық аурухансының» КМК бас дәрігері. Білімі: Жоғары, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясына 1992 жылы түсіп — 1997 жылы бітірді, «Тіс дәрігері».

Жұмыс тәжірбиесі: 1997-2004 ж.ж. — Абай СУА бас дәрігер болып қабылданды. 2004-2006 ж.ж. — Ертіс ауданың денсаулық сақтау бөліміне бас дәрігер болып кабылданды.

2006-2007 ж.ж. – Мемлекеттік қызмет ауыстыру тәртібемен Ертіс ауданың бас маман өкілі денсаулық сақтау бөлімі. 2007 ж. – Ертіс орталық аудан ауруханасына бас маман ретінде қабылданды.

2007-2010 ж.ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау бөлімі «Ертіс ауданының емханасына» бас дәрігері болып тағайындалды.

2010-2012 ж.ж. – Ертіс орталық ауданың аурухана бас дәрігер міндеттіне тағайындалды.

07.05.2012 ж. – Ақтоғай орталық аудан ауруханасың уақытша бас дәрігердің міндеттін атқарды.

16.07.2012 ж. – Ақтоғай орталық аудан аурухансына бас дәрігер болып тағайындалды.

09.07.2015 ж. — ШЖҚ «Баянауыл орталық аудандық ауруханасының» КМК бас дәрігері болып тағайындалды.

Жетістіктері: 2014жылы Ақтоғай аудан әкімінің Құрмет грамоттасымен марапаталды.

Мұхаметқайыр Тағлымұлы Андосов

Мұхаметқайыр Тағлымұлы Андосов

1962 жылғы 29 желтоқсанда Павлодар облысы Май ауданы Киров ауылында туған.

1980 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетінің 1 курсына оқуға түсті. 1986 жылы бітірген соң, терапия мамандығы бойынша Павлодар қаласының №2 қалалық ауруханасында интернатурадан өтті.

1988 жылдан бастап 1990 жылдар аралығында КСРО қарулы күштері қатарында медициналық қызмет бөлімінің бастығы лауазымында қызметін өтеді.

бiрiншiсi 1 2 3 кел. соңғысы соңғысы