2014 жылы ішкі бақылау бөлімімен өткізілген, бақылау іс-шараларының қорытындысы туралы ақпарат

Дата: 2015-04-28 03:07:44

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ішкі бақылау бөлімімен 2014 жылғы бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес  денсаулық сақтау басқармасына бағынысты медициналық ұйымдарда 11 бақылау іс-шаралары өткізілді.

         Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттының бақылаумен жалпы қамтылған көлемі 6962976,0 мың теңгені құрады.

         Қаражатты бақылаумен жалпы қамтылғандар сомасынан – 32172,3 мың теңге Қазақстан Республикасы бюджеттік және өзге де заңнаманың бұзылуымен пайдаланылған.

         Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан, есеп бойынша қалпына келтірілуге – 55,2 млн.теңге, бюджетке қайтарылуы тиісті – 4955,1 мың теңге.

         Бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін 11 ұсыныс жіберілді, соның ішінде 11 ұсыныс толық көлемде және белгілген мерзімде, немесе 100% орындалды.