Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов азаматтарды жеке қабылдау күнін өткізді.
Облыс әкіміне таңертеннен бастап өзекті сұрақтар бойынша кеңес алуға және «шешімі табылмай жүрген» мәселелер бойынша кездесуге 500-ден астам адам келді.
Облыс әкімімен қатар, барлық облыстық басқарма басшылары да құзыреті шегінде азаматтарды қабылдады және кеңес берді.
Қабылдау күні денсаулық сақтау сұрақтары бойынша 40-қа жуық адам келді. Арыздардың жартысынан көбі орында шешілсе, кейбір сұрақтар басқарма басшысының м.а Гүлнәр Жармакинаның жеке бақылауына алынды.
Еске сала кетейік, ертен облыс әкімінің халық алдында есептік кездесуі өтеді.